Өмірінің бәрі алдап-арбау, жалғандыққа толып кеткенін қарашығы айтып қойды
- Кеше күннің суығында бүрсеңдеп, тоңып тұрған ана көрдім. Аурухана маңында. Қолымнан келген "жылуды" беруге тырыстым. Ыстық шай бердім, көлігімді ең жоғарғы ыстыққа қойып &ldquoжылыныңыз&rdquo дедім. Қалтыраған күйі отыра берді. Самай шашы қудай боп ағарып кетіпті. Жүзін әжім басқан. Жанарында мазмұн қалмаған. Бірақ, кәдімгі ақ жаулықты ана. Жарты сағаттай отырды. Денесі де, қолы да, суық жанары да жылымады... "Балалар өзімен өзі, солай болды ғой, жаным... Мен жол күреп ақша табам. Қыста қар, жазда жапырақ" деді. Түсіндім бәрін. Тәптіштеп сұрап қайтем, жаным ауырып кетті...
Жүрегі тоңған екен де!..
- Дәмханада кездескен даяшы бала көз алдымда қап қойды. Он баланың арасында жарқырап тұр, жалғыз өзі. Адам біткеннің бәрін жақсы көріп, қошемет көрсетіп, жаны қалмай жүгіріп жүр. Еріксіз қарап қалдым. Кетерімде сөйлескім келді. Тілінің мүкістігі бар екен, дұрыс сөйлей алмайды. Бәсе, өмірді он екі мүшесі сау бізден артық сүйеді-ау! Кафе қожайыны жоқ екен, ұйымдастырушысына әуелі алғыс, сосын өтініш айттым. "Мына бала  мына мекенге береке сыйлап тұр, жұмыстан шығармаңыздар" деп.
- Өзінен сөзі дәу бір есерсоқ көрдім. Адам деген өскен сайын кішіпейіл, өскен сайын салмақтана түспеуші ме еді?! Бойының өскенін айтып тұрғам жоқ. Ойдың қортық болғаны жаман. Адам білімімен, пайым-парасатымен, ақылымен артық қой, өзгелерден. Ал, дүние, ақша, атақ дегендер &ldquoтүбі тесік қазандай&rdquo. Бір-ақ күнде жоғала салады. Әр қадамды басқанда Құдайды ұмытпау керек!
- Базарда бір кісі көрдім. Алдамақ болды. Жүзіне қарадым, көзіне қарадым... Мені ғана алдап тұрған жоқ, өмірінің бәрі алдап-арбау, жалғандыққа толып кеткенін қарашығы айтып қойды. Бар ұстанған қағидасы сол боп тұрған адамға қалай ақыл айтасың?! Алдана салдым...
- Кәусарым. Қозым кішкентай. Інімнің қызы. Ауылына қайтуы керек еді. Әкесі: "үйге қайтасың ба, киімдеріңді жина" - деді. Ойланып тұрды. Апасы ауырыңқырап отырған...
- Папа, апам ренжіп қалады ғой... қала берейін - деді.
Шынашақтай болған мейірімді жүрегіңнен айналдым! Кейде балалар үлкендерді тәрбиелейді.
Алия Кудайбергенова
Фейсбуктегі парақшасынан
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу