Өндіріп жатқан тасымыз да жоқ, көкірек аспанда әйтеуір

“Қытай қаптап жатыр”, қытайлардың визасыз кіруіне қарсымын” дейтін жазбалар көбейіп кетіпті. Қазақта “өзіңе өзің берік бол, қоңсыңды ұры тұтпа” дейтін сөз бар еді. “Қыздарымызды үйтеді, қысық көз күйеу бала көбейеді, қытай жаулап алады” деп қорқудың енді қажеті жоқ-ау. Қымбатшылық қысып тұрғанда Қытаймен сауда еркін болғаны жақсы ғой, қайта. Үйренеріміз көп, ол халықтан да.
Сәл нәрседен үрке бермей, ұлттық құндылықтарды берік ұстанып, сауда-саттығымызды жолға қойып, экономикамызды дамытсақ, бізге кім қой депті. Ондай режим (визасыз кіру) бұның алдында былтыр да болған екен ғой. Содан қытай қаптап, бізде қалып кеткен ештеңесі жоқ. Келгендер қайтты ғой, отандарына.
Есік-тесікті тарс жауып, ешкімді кіргізбей отырғанда, неден ұтамыз? Не өндірісіміз жоқ, не қаптаған завод, фабрикамыз жоқ. Өндіріп жатқан тасымыз да жоқ, көкірек аспанда әйтеуір.
Ана жақта өзіміздің қандастар пәлен уақыт виза алуға кезекте тұр. Оларға да бұл режим өте тиімді.
Lyazzat Akhatova
Фейсбуктегі парақшасынан





