Оншақты әуежайды сканерлеуші құралмен жабдықтай алмай отырып, цифрлы Қазақстан туралы айтудың өзі ұят қой?!

Жазбайын, осы тыныш кетейінші десең де жаздырады ғой.
Өзімше гламур көрініп, онлайн тіркеуден өтіп, телефонды тиқ еткізіп ұшаққа мініп кетем деп ойлағам. Алматыдан Атырауға ұшқанда солай болды. Бірақ Атыраудағы әуежайда онлайн билеттің QR кодын сканерлейтін құрылғылары жоқ екен. Билетті шығарып келіңіз деп досмотрдан кері қайтарды.
Еліміздегі небәрі оншақты әуежайды сканерлеуші құралмен жабдықтай алмай отырып, цифрлы Қазақстан, жаңа технология туралы әңгіме айтудың өзі ұят қой?!
Айтпақшы, былтыр келгенде Атыраудың аядай ғана әуежайы кеңейтіледі, керемет жаңалығымыз бар деп еді. Атырау облысының әкімдігі сол мәселе не болды? Астанаға көпір, Түркістанға субұрқақ салудан ақша артылмай жатыр ма?
Диас Нұрақын
Фейсбуктегі парақшасынан
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу