Оқуды қойған адам – ойлауды қояды...

Оқуды қойған адам – ойлауды қояды...

Бір жылдары ресейліктер Задорновтың америкалықтар туралы айтқан әзілдеріне ішек-сілесі қатқанша күліп, олардың топастығына «таң қалысып» отыратын. Кейін өзін орыстың патриоты етіп көрсетіп жүретін осы Задорновтың Латвияда тұратынын білдім. Ол да халықты зомбилайтын «пирамиданың» басында тұрған біреу болып шықты. Айтайын дегенім басқа нәрсе еді. Қарап тұрсаң, капитализм мен топастық деген нәрселер егіз ұғым екен. Ресейліктер америкалықтарға бекер күлмепті. Орыс оқымысты Владимир Арнольд бұл туралы былай дейді: «Америкалық әріптестерім маған мынаны айтты. Олар халықтың жалпы мәдениеті пен мектептегі білім беру жүйесінің деңгейін әдейі қолдан төмендетіп отырған болып шықты. Кітапты көп оқып, білімі өскен сайын адам нашар тұтынушыға айналады да, кіржуғыш мәшине мен көлікті аз сатып алып, оның орнына Моцарт пен Ван Гогты, Шекспир мен қайдағы бір теоремаларды артық көріп кетеді екен. Бұдан бүкіл экономика зардап шегіп, кәсіпкерлердің кірісі азаяды. Осыдан кейін олар халықты әдейі сауатсыз қылып тастап, өздерінің айтқанымен жүретін тобырға айналдырып отырған көрінеді».... Кітап оқитын әдет бізге Сәвет одағынан қалған игілік. Ол кезде енді кітаптан басқа қызық та болған жоқ қой. Бірақ бұл әдет те қазір заман ағымына қарай бірте-бірте бәсеңдеп, біз де америкалықтар сияқты телебізірдің алдына отырып алып кино көретін, арзан әзіл мен мағынасыз шоуларды тамашалайтын «зомби» ұрпаққа айналып бара жатырмыз. Cоңғы жылдары арналарымыздың осындай мәнсіз дүниелерді көп беріп жүргеніне қарап, олар да америкалықтардың халықты «қараңғылайтын» саясатын бізге қолданып жатыр ма ойлап қаласың. Онысын әдейі істеп жатқан жоқ шығар, бірақ мұндай нәрселер өзінен-өзі стихиялы түрде іске асып кететін секілді. Өйткені оған «сұраныс» бар ғой.. Мектепте оқып жүргенде бір газеттен оқып қалғанмын. Капиталистік елдерде адам болмысын зерттей келе, басқасына қарағанда ақымақ адам билікке әлдеқайда пайдалы деген тоқтамға келіпті. Телебізірден сүйікті сериалын беріп жатқан кезде, ондай адам ешқашан плакат көтеріп көшеге шығып кетпейді. Эфирден күнде берілетін саяси-мәдени «шоулар» мен сайқымазақтардың қойылымы да халықты ойлау қабілетінен айырып, оны біреудің айтқанына сене салатын мәңгүртке айналдырып жібереді екен. Өйткені сен ойлауды қойып, біреудің дегенімен жүретін делқұлыға айналып шыға келесің. Ойлануға ерінесің. Сериалдар мен әртүрлі ток-шоулар ойлануға мұрша бермейді. Капиталистік жүйеде елдің санасын игеріп алу үшін қолданылатын тағы бір «тренд» бар. Ол – адамдарға жақтырмай, менсінбей (ресейліктердің америкалықтарды «топастығы» үшін жек көріп жүргені де осындай нәрсе) қарау. Мұндай әдеті барлар елден ерекшеленгісі келіп, «статусын» көтеретін заттар сатып алуға құмартып тұрады. Кейінгі кезде бір-бірімізбен сотка мен басқа да «брендтер» сатып алудан бәсекеге түсіп кеткеніміз де осындай психологиядан туған дүмшелеу көзқарасқа жатады. Бұл тақырыпты таң атқанша тоқтамай жаза беруге болатын еді. Бірақ оны ешкім оқымайды. Айтпақшы, кеше түнде экзорцистердің бір видеосын көріп қалдым. Сонда экзорцист адамның ішіндегі жыннан: «Телебізір жақсы нәрсе ме?» деп сұрады. Жын оған: «Оның бәрін адам мен жынның шәйтандары түсіреді» деп жауап берді. Телебізір туралы дәл бұлай біржақты айтуға болмайтын да шығар, бірақ мұнда сөз түсінетін адам үшін «Илләһи ақиқат» та жатыр.. Өйткені қазір небір қаны бұзылған қылмыскерлер мен педофильдер телебізірдегі осындай азғындыққа шақыратын фильмдерді көріп алып қылмыс жасап жүр. Көп сөйлеп, басыңызды қатырмай-ақ қояйын. Өзімнің телебізір көрмегеніме бір жылдай болыпты. Керек нәрсемді интернеттен тауып аламын. Телебізір көрсем ойлаудан қалып, мен үшін сол ойлай бастайтындай болып кетеді. Одан да кітап оқығаным жақсы екен. Оқуды қойған адам – ойлауды қояды...

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста