Орысша атаулардан гөрі осындай «тарихи есімдер» жақсы емес пе?!

Кешеден бері сақал, сақал деп шулап жатырсыздар ғой. Өткен тарихымызға қарап отырсақ, қазақта бір-ақ адамда сақал болмапты. «Аферист» Алдар көседе! Қазақ бұрын көсеге қол беруге арланған екен. «Көсе» дегеннің өзі кемсітпе сөз. Бірақ біздің Алдар ағамыз алаяқ емес, халықшыл адам болыпты. Алматылықтардың «жалғыз» көсемізді құрметтеп жатқаны содан ба деймін. Не ғой, Сәвет кезінен қалған көшелерге қазақша ат таба алмай жатсаңдар, Шығайбай, Атымтай Жомарт, Толағай, Ер Көкше, Ер Төстік, Қобыланды, Керқұла атты Кендебай, Мыстан кемпір деп қазақшалап қоя беріңіздер. Ешқандай мағынасы жоқ отаршылдардан қалған орысша атаулардан гөрі осындай «тарихи есімдер» жақсы емес пе?! Жастар да фольклорын жаттап өседі.
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу