Орыстар қазақтарға біраз нәрсе "үйретіп" кетті. Соның бірі боқтап сөйлеу

Орыстар қазақтарға біраз нәрсе "үйретіп" кетті. Соның бірі боқтап сөйлеу. Өкінішке қарай, қазір әңгімесінің арасына солардың әдепсіз сөзін қыстырмай сөйлейтіндерді табу қиын. Мұндай әдет ұлтымызда бұрын кездеспеген, қазақтың болмысына жат нәрсе болатын. Баяғыда біздің салт-дәстүрімізді зерттеген шетелдіктер осындай керемет қасиетімізді ерекше атап өткен екен. Ал аузына келгенді оттайтындар сырттай кемтар адамдар сияқты көрінетін. Бабаларымыз барлық ашу-ызасын майдан даласында, жекпе-жекте ғана көрсеткен ғой. Былтырлары қызып алған қазақтың жігіті қыздардың көзінше әлдекімді әбден сыбады. Ұят болса да айтайын, сол жерде өзіміз "жүнтөс" дейтіндердің біреуі оған "бауырым, мына жерде қыздар, қарындастарың тұр" деп еді, әлгі әпендінің ұяты оянды ма, қоя қойды. Біздің менталитеттің "бұзылғаны" соншалық, қазір ешкімнің бет-жүзіне қарамайтын болдық қой.....
Жолымбет Мәкіш
Facebook-тегі парақшасынан





