Осы жерде бір нәрсенің басын ашып алуымыз керек

Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей секілді көрші елден келген қандасымызды атажұртқа келді деп жазғанда, журналистер бір қателік жіберіп алып жүр. Ол жақтағы қазағың онсыз да қытайдың, орыстың, моңғолдың жерінде емес, жетпіс жеті атасының кіндік қаны тамған өзінің атажұртында отыр. Осы жерде бір нәрсенің басын ашып алуымыз керек. Шетелдегі қандастар атамекеніне, атажұртына емес, отанына оралып жатыр. Олар – отанынан айырылып қалғандар. Қазақстанға келгенін атажұртқа, атамекеніне оралды деп жазғанда, «олардың бір атажұрты, бір-ақ атамекені бар, ол – Қазақстан» деген теріс түсінік қалыптастырып, «арғы беттегі» қазақтың жерін санадан сызып тастап жатырмыз...
Фейсбуктегі парақшасынан
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу