Осыдан кейін полиция беделі қалай болмақ?
Алматы облысы департамент полициясы, бүгінгі салған видеода полиция қызметкері айғақты алу және оқиға орнын қарауды үлкен құқықбұзушылықпен өткізгенің күәсі болдық.
- Біріншіден айғақ зат алынып жатқанда әрі видеоны түсіріп бастағанда тергеуші тергеу әрекетін бастағанын, куәлардың қатысуымен айыпталушының құқықтары түсіндірілуі тиіс. Егер көлікті қарап бастаса онда табылған айғақ затты орнында тұрып криминалист фото жасау, мөлшерін ленейкамен өлшеп фото 1.2.3 деу қажет. Әрі тергеуші оны қолына алуға құқығы жоқ, жатқан жерде тек қарап шығып хаттамағаенгіздіру қажет.
Екіншіден тергеуші тағы басқалар ешқайсысы полиция киімінде болған жоқ, неге? Бәріне алдын ала дайындалдыңыздар ма?
Үшіншіден қара киімді жігіт айғақ затты қолына алып өз бетінше тергеу амалдарын өткізіп жатқандай болды, ал айыпталушы айдалада айқайлап жатыр. Сонда айғақ затты қайдан алғанын әрі оның қатысумен оқиға орнында кімге тиіслі екенін сұрау міндетті. Кешіріңіз ол террорист болсада, сот оған үкім шығармағанша, оның құқықтары жүзеге асады. Тағы білімсіздік па? Айғақ затты орап жатқанда хаттама толтырылған жоқ, әрі айыпталушы қол қойған жоқ. Осыдан кейін полиция беделі қалай болмақ? Ақша сұраған полициялар жұмыстан шектетіліп, қылмыстық іс қозғалсын!!!
Камиша Есмухамбеткызы
Фейсбуктегі парақшасынан