Осыдан соң біреуге кінә артуымыз қаншалықты орынды?

Осыдан соң біреуге кінә артуымыз қаншалықты орынды?

Кеше грант конкурсы шыққанда бірінде қуаныш, аз бөлігінде қалайша түспей қалдым деген сұрақ болды. Кейбірі балының төмендігін біледі, бірақ грант конкурсының қалай жүргізілетінін білмей әділетсіздік, жемқорлыққа жаба салатыны қанша. Грант конкурсы автоматтандырылған жүйелермен жасалады. Кімнің балы жоғары сол түседі. "Мен 90 балмен түспедім, біреу 80-мен түсіпті" деген ойларыңыз болса, мамандықтарыңызды, квотаны, педквота болса университеттеріңізді де салыстырып қарауға кеңес беремін)

 

Иә, ҰБТ 140 балл иесі біреу ғана,  бірақ SAT, ACT, IB деген емтихандар балын ҰБТ балына ауыстыруға мүмкіндік бар, шкала бойынша балыңыз сәйкес келсе, 140 балл аласыз, IELTS 6 болса, ағылшын тілінен 45 балл алған сияқты.

 

ҰБТ 100% әділ өтті демеймін, бірақ квоталар, SAT сияқты емтихандар, құжаттар, конкурсқа қалай жазу туралы білу әрбір талапкердің міндеті деп ойлаймын. Бір пікірден "11-сынып оқитын бала testcenter.kz сайтын қайдан білсін?" - дегенді көріп едім. 11-сынып оқушысы неге білмеуі керек, талапкерге қатысты негізгі ақпарат сонда беріледі ғой.

 

Бұл - жай ғана бір көрінісі, осылай өз міндеттерімізді, мүмкіншіліктерімізді білмеген соң талай жерде опық жейтініміз. Картасында қомақты ақша бола тұра, банкоматты қолдана алмайтын, бір жерде жұмыс істей отырып өз құқығымызды білмейтін сияқты жағдайлардан соң біреуге кінә артуымыз, біреуден көруіміз қаншалықты орынды?

 

Өмірдегі естіген, әлеуметтік желідегі ақпараттарды сүзгіден, таразыдан өткізбей қабылдай береміз, адамдарды танымай, білмей айтқанын тыңдап, еріп соларды кумир көретініміз тағы бар. Кейде солардың пікірін ойын дұрыс-бұрыстығына қарамай қызғыштай қорғап, ұрысып жататын жағдайлар да кездесіп жатады. Банкоматты қолдана алмай алданып, "гарант 24 ломбардқа" сеніп, қарызданып ақша өткізуге дейін барып, артынан тағы кінәні басқадан іздейміз.

 

Instagram-дағы біреудің жеке өмірі, магазиннен не сатып алғаны, қандай үйде тұратыны, болашақ баласының жынысы туралы видеолар, youtube-тағы кино деуге де келмейтін тым арзан деңгейдегі "сериалдар мен кинолар" салған уақыттан миллиондап қаралым жинап, ал пайдалы, танымдық, рухани азық болатын нәрселерді қараушылар саны 4 саннан да аспайтынының өзі біраз нәрседен хабар беретін сияқты...

 

Өзіміз үшін, сапалы, жақсы өмір сүру үшін сауатты болуға тырысайық)

 

 

Қанай Гүлбану Бақытханқызы

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста