Осылайша «мерт болдым»

Осылайша «мерт болдым»

Жазым деген аяқ астында. Ел аман, жұрт тынышта аяғымды жарақаттап алып, күтпеген жерден дәрігердің алдынан бірақ шықтым. Қалыптасқан қажеттілікке байланысты ол ауруымның тарихын, аты-жөнімді, жасымды, қызметімді жазып жатыр.
Осы уақытқа дейін сырқатнаманы орыс тілінде осыдан кейін де орыс тілінде жаза беретін өзге ұлт өкілі журналист екенімді және республикалық басылымның қызметкері екенімді білгенде ресми тілде сүйкектеткенін қоя салып, таза қазақ тілінде амбулаториялық картама «Үйде мерт болған» деген сөзді қыстырып, мемлекеттік тілде жарты беттей дәрігерлік тілмен жай-күйімді жазып шықты. Қолыма картамды алып, «мерт болды» деген сөзді қайта-қайта көзімді ұқалап оқып шықтым. Ешқандай қатесі жоқ, солай жазылған.
– «Мерт болды» дегеніміз – қайтыс болды деген сөз емес пе?! Мертікті десеңіз бір жөн. Мына жазғаныңыз өзі әрең жүрген ауру адамдарды бірден о дүниеге аттандыратын сөз ғой. Жаңылысты дейін десем, басқа қазақшаңыздан мін көріп тұрған жоқпын.
Дәрігер маған мысқылдап қарап:
– Мерт болды деген сөзді ойлап тапқан мен емес. Мұнда солай деп жазылған. Мен сіздің тіліңізді қайдан білейін. Еңбекке жарамсыздық парағын қазақшалағанда бізге осылай деп жазылып берілген, – деп нөмірлеген еңбекке уақытша жарамсыздығым туралы жазылған қағазды алдыма лақтыра салды.
Расында да «несчастный случай на производстве или в быту» деген сөз «өндірісте немесе үйде мерт болғанда» деп аударылыпты.
Дәрігер енді маған не дер екенсің дегендей миығынан күліп қарап тұр. Ал мен бір ауыз уәж де айта алмадым. Тек «Ол сіздің тіліңіз ғой», деген сөзі есімнен шықпай тұрып алды.
Қаладағы күн сайын көріп жүрген, мағынасы майысқан қазақша жарнамалар мен хабарландыруларды журналист қауымы айта-айта ауыздары жауыр болғанымен, нәтиже шығара алмады. Мұндай мемлекеттік тілге немқұрайлылық жайламаған мекеме аз ба? Жоғарыдағы жағдай соның сорақы мысалдарының бірі ғана. Енді бізге қалғаны соны өзгелер көзімізге шұқып көрсету еді...

P.S. Жеті жыл бұрын жазылыпты. Не өзгерді?

Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста