Осындай көзбояушылықтар – нағыз бейшаралықты көрсетеді...

ҚҰНСЫЗДАНҒАН ҚАЗАҚ ӨНЕРІ
Қазақ елінің адамы ғана емес, өнері де құнсыз. Демалыс орындарының атауларынан бастап, көше - алаңдарда орнатылған ескерткіштердің нобайларын шетелдерден көшіріп, идеялар ұрлап алынады. Тек қана архитектор, суретші - скульпторлар ғана емес, ғалымдардың да диссертацияларының басым бөлігі бұрынғы жазылған ғылыми еңбектерден көшіріп алынған плагиат жұмыстармен қорғалған. Қайда бұрылып қарасаң да асқынған көзбояушылықтар мен жемқорлық. Анау Түркістанда орнатылған ...шәйнекті...қытайдан ұрлап алыпты. Алматыда - ...Арбат..., Шымкентте - ...Арбат...Бірнеше қаланың орталық көшелерінде домалап жатқан дәу - дәу құмыралардың, білезік - сақиналардың авторлары біреу. Оны айтпай - ақ қоялық. Осындай көзбояушылықтар - нағыз бейшаралықты көрсетеді және жалғыз ғана мақсаттары - жеу , опыру!..
Бакытжан Коныраубеков
Фейсбуктегі парақшасынан





