Осының бәрі - бізде ұлтсызданған рухани кризис басталғанын көрсетеді

Андрей жақсы жазыпты. Дениспен қоштасу рәсімінде қазада жүргенін ұмытып, Елікбаевпен, Головкинмен, басқаларымен суретке түсіп қалғысы келгендер көп болды. Өзім ешқайсысына елпектеген жоқпын. Біздің блогерлердің көбі ұят, әдеп, этика деген нәрсені білмейді. Дениспен қоштасу рәсімінде бәрі тікелей эфирге шығып, онда да табытқа жақын жерден түсіргісі кеп жанталасып кетті. Кім лайк басып жатқанын, эфирді кімдер көріп отырғанына дейін қарап отырды кейбір әпенділер. Сельфилетіп жатқандары тағы бар. Шешесі сосын қаралы рәсімді шоуға айналдырып жібергендерге айқай салыпты. Өзім оны естіген жоқпын. Сұмдық қой, ондай жерде хайперлікпен айналысудың не керегі бар! Осының бәрі - бізде ұлтсызданған рухани кризис басталғанын көрсетеді.
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан





