Отбасымыз бола тұра, зинақорлықтан өзімізді тыйдық па?

Көп кісіден жиі есітіп жүретін мынадай сөз бар.
Біздің елде байлық деген жетеді. "Біз, арабтар сияқты өмір сүруіміз керек!"- дейді.
Байлықты алсақ солай...
Бірақ араптар сияқты өмір сүру үшін, соған сай дүние жасадық па?! Жоқ!
Дінді айтпағанда, дәстүрімізге сай: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеттік пе?;
Біреудің ала жібін аттамай, ұрлық жасамадық па?;
Отбасымыз бола тұра, зинақорлықтан өзімізді тыйдық па?;
Көшеде бейтаныс кісінің заты түсіп қалса, 1сағаттан соң, өзі іздеп келгенше заты тұрды ма?;
Жемқорлық жасамадық па?
...Айта берсек мысал жетеді. Осындай күнәлар жасай отырып, қалайша Алладан жақсы өмір сүруге хақымыз бар деп сұраймыз.
Арабтарға Алла мұнайды берекелі етіп берді. Өйткені олар соған лайық еді. (салафиттер мен арабтарды шатастырмаңыздар)
Талғат Жанысбай
Facebook-тегі парақшасынан





