Өтірік пен әділетсіздік те күнделікті көлеңкемізге айналып бара жатыр-ау

Өтірік пен әділетсіздік те күнделікті көлеңкемізге айналып бара жатыр-ау

Менің жекеме кейде “аға, сізге бәленше тиісіп жатыр ғой, не дейсіз”, “түгенше түгіңізді қалдырмапты ғой,быт-шыт қып жауап жазбайсыз ба”, “шектен шығып болды, сотқа берсеңізші, мен көмектесейін” деген хаттар көп келеді...
Рас, ет пен сүйектен жаралған пендесің ғой, кейбір сөздер көңілге тиюі мүмкін...
Сонда, әр қаңқу сөз көңілге тие берсе, "дүние уақытша, ақырет мәңгілік" деген имани имунитетіміз қайда?!
“Біреудің пендешілігін Құдайға тапсырып, өзімнің адамшылығымды кірлетпейін,” деген кірпияз, бекзаттығымыз қайда?!
Кешегі дау қумай ізгілік тоқыған, әр қазақтың бойынан жақсылық іздеп тауып, досқа айналдырған Бейсен Құранбек ағамызды не үшін жақсы көрдік? Не үшін сағынамыз?
Кеткеніне бір жылда болған жоқ қой, ең болмаса естияр елге айтып кеткен өнегесін естен шығармайықшы...
Сөз астарын ұғынып, жарты ауыз сөзбен бүтін елді ұйытатын дуалы ауыз хакімдер қазір жоқтың қасы. Мөңке би бекер зар қақсаған жоқ.
Бетпақ бидің орынында, кеңкелес кеңесшінің тұғырында жарбиып, долданғанда еріні көгеріп, ызаланғанда иығы селкілдеп жүрген "сұрқылтайлардың" заманында Алладан апат келмей, аспаннан тас жауып кетпей, бір жұтым ауаны қиналмай сорып жүрсең, соған да шүкір деу керек.
Кім, қанша тиісіп жазса да, мән беретіндей, аса қатты ештеңе жоқ, деп ойлаймын. Өсектен өліп, ғайбаттан ғайып болып кетпеспіз. Алла көріп тұр. Соңғы нәтиже Оның қолында. Халық қарап отыр, түйсік таразысы бар, тарихтың тағылымы бар, өз бағасын өлгеніңнен кейін анықтап айтады.
Өмірдің өзегі - сынақ.
Сөз есту, жақтырмау, бәле іздеу - сол сынақтың сынықтары. Сыртыңнан сөйлеп, атыңды айтса несі бар? Біз де пендеміз. Сөз көтере білуіміз керек. "Шыбық тимей шаңқ етерліктен" кім пайда тапты дейсіз. Індетпен бірге өмір сүріп жатқан адамзат секілді өсек пен ғайбат, өтірік пен әділетсіздік те күнделікті көлеңкемізге айналып бара жатыр-ау. Оны жоя алмасақ та, "анти теламыз" қалыптасу керек шығар...
Қай заманда да шағыстыру пен жала - нәжіс сияқты. Түртсең сасиды...
Дана бабалардан қалған асыл ұстанымдарға мән берсек еді, көп дүниелеріміз реттеліп, жүрегімізден жүк түсер еді. Білсек те, амал қылуға асықпайтынымыз-ай.
Қазақ "сөз қума" дейді. Сөз қуамыз деп, қаншама бітпеген шаруа жатыр.
Қазақ "бәле іздеме" дейді. Мән бермейміз. Біреуге ор қазамын деп, қаншама пенде сор басып жатыр...
Бір шығыс ғұламасы айтқан екен: "Үндемегеннен таяқ жеген жерім жоқ, жауап қатқаннан ұтқаным шамалы" деп.
Қазақтың бір ұтылып жатқан жері - осы, даукестікке бой ұруы. Түпкі нәтиже немесе істің салдарын ойламай "айтып тастасам құтылдым, айыбын бетке бассам, бітірдім" деп, өзін-өзі алдаған ағайынның көбеюі.
Бір ауыз сөзден басталып, бітпейтін дауға жалғасып, қаншама отбасы бұзылды. Мән бермесең маңайыңнан өте шығатын кейбір өсекті қуалап жүріп ұстап, жүрегімізде сақтап, ақыр соңында соның кесірі мен кесепатынан қаша алмай жүрген кездеріміз аз ба?!
Құдайыңа, дініңе, мемлекетіңе, отбасыңа, кәсібіңе тиісіп, қала берді қауіп төндірсе, жағдайыңа қарап жауап беруден бастап, қажет болса жан беруге дейін жанкештілік танытуымыз керек.
Ал, біреулер жеке басыңа жаласын жауып, боқтығын төгіп жатса, жағдайды түсіндіру немесе жауапсыз қалдыру әр адамның ең соңғы міндеті, өз еркіндегі ерекше құқығы...
Иманды бабаларымыз солай болған.
Біз бәрін керісінше жасаймыз.
Жеке тұлғамызға шаң жуытпаймыз...
Басымыздан сөз асырмаймыз...
Эгоистігіміз елден бөлек, жанаярлығымыз жұрттан айырықша...
Біреудің жер-жебіріне жетіп, жеті атасын түгендейміз, бірақ өз бойымызға екі ауыз ерсі пікір қабылдауға қабілетсізбіз.
Қазақ айтады : “Пышақты әуелі өзіңе сал, ауырмаса, өзгеге сал” деп. Ондағысы, өзгеге сөз айтпас бұрын, өзіңді орынына қойып көр, дегені.
Ұлт мүддесі алдыға шығып, мемлекет көші аршындап қозғалуы үшін, дәл қазір, біздерге тыз-тыз еткен қаңылтыр мінез емес, “қабырғасын қаусатып, бір-бірлеп сөксе де, қабағын шытпас ер ке­рек...”
Солардай бола алмасақ та, ұқсап бақсақ, қанеки...
Билік қандай, қауымының қапысын таппай, еңселі есіктердің арғы жағынан сығалап тұрған болса, әлеуметтік желідегі ағайын да өз әлемінің буына мас болып, кеу-кеулеген комент пен лүпілдеп қонған лайыктардың қызуында қызыл кеңірдек боп қырылысып жатыр.
Алла баршамызды кешірсін, кеңшілігінен мақұрым қалдырмасын!
“Әркімнің өз мақсаты керегінде...” (Абай)

 

Мұхамеджан Тазабек
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста