Өтірікті де ақылдасып айту керек

Өтірікті де ақылдасып айту керек. Өткен аптада Энергетика министрлігі АИ-95 жанармайының жоқтығына логистика әсер етуде деген. Яғни, теміржолмен тасымалдау қиын болып тұр деп қисынын келтірген еді. Почти сеніп қалғам.
Бүгін Энергетика вице-министрі Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты ремонтқа жабылып қалды, тапшылық содан депті. Жылына төрт мәрте жөндеуге жабыла беретін не зауыт бұл? Былтыр ғана бәленбай миллион жұмсалып, капремонттан өтпеп пе еді?
Көктем мен күзде жанармай тапшылығын қолдан жасау бұрыннан бар схема. Нағыз жиын-терін науқанында тапшылық тудырып, бағаны қымбаттады. Бұл лоббистердің тірлігі.
QR Energetıka mınıstrlіgі, Министерство энергетики РК спикерлеріңіз өтірікті де ақылдасып, бірауыздан айтсыншы, өтініш!
Диас Нұрақын
Фейсбуктегі парақшасынан
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz





