"Өз әскерін асырай алмаған ел жау әскерін асырайтынын" ұмытпауымыз керек

2006-2007 жылдары бір жылдық әскери борышымды өтеп, ауылда жұмыстың реті болмай, әр тірліктің басын шалып, 2010-2013 жылы келісім шарт бойынша Шымкенттегі әскери бөлімге қызмет етуге қайта алындым. Әрине, тегін емес.
Бірде жауынгерлік даярлықты байқау үшін біздің әскери бөлімге Оңтүстік өңірі әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Қойбақов келді. Ол біздің батальонды да аралады. Генерал келген соң жан қалмай жанталаса қимылдап, алдымызға келгенде өзімізді таныстырып, ыздия қалдық. Бір кезде маған жақындап, «оқу бітіргенсің бе?» деді. «Дәл солай генерал мырза, заңгер мамандығын бітіргенмін» дедім. Ол кісі: «онда мына жұмыста неге сандалып жүрсің?» деп маған аянышты көзбен қарады. Генералға басқа жұмыстың жөні келмегінін баяндадым. Ол кісі басын шайқап, нөкерлерімен алыстай берді. Менің бұл сөзден түсінгенім, әскери қызметтегі басшылардың бәрі бірдей Қорғаныс саласындағы жүйеге көңілі тола бермейді. Мысалы АҚШ-та әскери қызметке алынсаң отбасыңмен толық Үкімет тарапынан жеңілдікке ие болып, тек қызметіңмен айналысып, көңілді соған ғана аударасың. Бұрынғы даналардың: «Өз әскерін асырай алмаған мемлекет жау әскерін асырайды» деген қанатты сөзін біздің Үкімет ұмытпаса екен...
Ерғали Нариманұлы
Facebook-тегі парақшасынан





