Өзбекстан шекарысын ашып, нарыққа жақындай түссе біздің шаруашылықтар банкродқа ұшырайды

Өзбекстан шекарысын ашып, нарыққа жақындай түссе біздің шаруашылықтар банкродқа ұшырайды

РАС ПА, ӨЗБЕКСТАН ДАМЫП БАРАДЫ?

Еркін есімді ағам Ташкентке барып келді. Немересін емдеуге апарды. Таңертең жұмысқа келіп көрген, білгенін, түйгенін тамсана айтып берді.
"Қазақстанның кейдендік пунктіне келгенімізде жер-жерде шашылып жатқан мусорлар көзге шалынды. Адамдары тым дөрекі. Ал Өзбекстанға өткенімізде тап-таза, жылы жүзді адамдарды көрдік. Алматы, Нұр-Сұлтан қаласындағы таңдаулы ауруханаларға барғанымызбен немереме ем таппадық. Ал Ташкенттен оның талма аруына ем алдық. Көктемде қайта барамыз. Қазақстанның дамығаны қайда?" деді ол.
Ойлантатын нәрсе, иә! Біз Орта Азияның барысына айналамыз деп жүргенде Өзбекстан айқау-шусыз, таласып-тармаспай дамып келеді.
Қайбір жылы Жаңақорған ауданының басшылары тәжірибе алмасу мақсатында Өсбекстанға барды. Ондағы ауылшаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарды көрген әкімнің орынбасары:
– Егер Өзбекстан шекарысын ашып, нарыққа етеңе жақындай түссе субсидиямен күн көріп отырған біздің шаруашылықтар банкродқа ұшырайды. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық жолымен ағылып жатқан жүк көліктерінің көбісі Өзбекстанға барады екен. Әсіресе қыстың соңғы айлары мен көктемнің алғашқы айында рейсейліктер өзбектердің қияры мен қызанағына аңсары ауып, камаз-камаз көкеніс түрлерін алдырады. Ондағы көкеністі сақтайтын қоймасын көрдік. Өз көзіме өзім сенбедім. Соңғы технологиямен жабдықталған қоймадағы әрбір есікте көкеністің құрамындағы ылғалдалық деңгейі, витаминдері, микроэлементтері түгел жазылған. Жылыжайында анар, лимон, апельсин және т.б цитрустық жеміс-жидекті көрдік. Өздері ауылшаруашылығы техникасының неше түрін шығарып отыр, – дегені әлі есімде.
Былтыр Мәскеудегі халықаралық конференцияға қатысқанымызда Ташкенттегі журналистика университетінің ректоры студенттерді уақыт талабына сай оқытып жатқандарын, заманауи трендтерді меңгеруге басымдық берілгенін айтқан еді...
Жазда Сыр өңірінің бір топ қаламгері туристік сапармен Ташкент, Самарканд, Бұқараға барып, қайтты. Олар да ауыздарынан су аққанша көрген, білгенін айтып, сервистік қызмет көрсету деңгейін жыр қылды.
Айта берсе көп...
Осындайда Абайдың екінші қара сөзіндегі мына ойы ойға оралады: "Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе – шаршап, жаяу жүрсе – демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс»
Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бар депті» деп. Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім. Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық – бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық қазақ», – деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі – бірін-бірі қуып қорболмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?".

P.S.: Енді өздеріңіз топшалай беріңіздер. Бәлкім асыра айтқан да болармыз... Қалай болғанда да, көз көргендердің айтқаны осы...

Нұрлат Байгенже
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста