"Өзге елде сұлтан болатын" қазақтар көбейгені дұрыс

"Өзге елде сұлтан болатын" қазақтар көбейгені дұрыс

Өзге елде сұлтан бол...
Сербияға барғанда көрдім, серб динарында Николо Тесланың бейнесі бедерленіпті. Тесланың көп өмірі Францияда, АҚШ-та өткен. Қартайған шағында Нью-Йорктің көшесінде такси қағып кетіп, бірнеше жыл ауырып, ақыры қонақүйде өмірден озыпты.
Тесланың замандасы Томас Альва Эдиссонның да аталары Голландиядан екен. Бойында италяндардың, немістің қаны бар. Нағашылары орыстан тарайды. Өзі нағыз америкалық.
Американы ашқан Христофор Колумбты испаниялық саяхатшы дейді, бірақ ұлты италяндық.
Лондонның қазіргі мэрі Садық Хан Пәкістаннан бас сауғалап барған эмигранттардың баласы.
Зинеддин Зиданның араб екенін бәрі біледі, ол өмір бақи Францияның туының астында өнер көрсетті, француз футболының даңқын аспандатты. Бірінші республиканың ұлттар достығының, халық бірлігінің символы саналатын тұлғалардың бірі деуге болады.
Леонардо Ди Каприоның да нағашы әжесі орыс, «өле өлгенше ана тілін ұмытпаған адам» дейді актер әжесі туралы.
Мұндай мысалдар өте көп.
Алысқа бармай-ақ, өзіміздің Бейбарыс Сұлтан «...Өзге елде Сұлтан болды».
Мұхтар Әуезов, Асқар Сүлейменовтер қазақ жеріне келіп дін таратқан қожалардың ұрпағы.
Осыған қарап отырып, «Өзге елден сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалға негізделген көзқарасымыз қасаң стереотип пе деп ойлап қаламын кейде.
Өткен ғасырдағы революция кезінде орыстың зиялылары, ақсүйектері бұкіл Еуропаға қашып, тарыдай шашылып кеткен. Біздің Алаш зиялыларының ешқайсысы шетелге қашпады, елде қалып қырылды. Шетелге эмиграцияға жол салған тұлға Мұстафа Шоқай болу керек.
Бабалары «Сенаға атын суарған», сонау Еуропаға дейін атпен барған халықпыз ғой. Қазір болса біздің қазақ болса өзге ел, өзге құрлық тұрмақ, басқа ауылға, ауданға көшуге қиналады.
«Білімінің білмеймін молдығы ма,
Әлде, оның сенгені доллары ма?
Қазақ көшіп барады ата жұрттан,
Қазақ көшіп барады Лондонына!» деп ақындарымыз аһ ұрады.
«Менің жаным мен жазған өлеңдерде
Тағы айғайлап айтамын кереңдерге:
Мен туғанда қуанған осы тілде,
Осы тілде жылайды мен өлгенде!
Ал, Лондонда кім жылайды?..» деп қайғы жейді.
Николо Тесла өлгеннен кейін сербтер жыламақ түгілі, бейнесін ақшаға салды. Америкалықтар көлік шығарды.
Мораль: "Өзге елде сұлтан болатын" қазақтар көбейгені дұрыс

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста