Өзің бай, елің бай болсын десең бар уақытыңды білімге және еңбекке арнау керек!

Өзің бай, елің бай болсын десең бар уақытыңды білімге және еңбекке арнау керек!

БАЙЛЫҚ КІМДЕ?



Көлікте келген ой. Бүгін Астанадан Қуаныш деген жас жігіт көлігімен әуежайға әкеп тастады. Кәсіпкер, айына 5000 000 - 6000 000 теңге табыс табады. Қазаққа елдің тізгінін ұстау үшін бірінші ер жүректілік, мінез керек деген ой айтты. Мен келіспідім.

«Адам қоғам болып өмір сүріп келе жатқаннан бергі қыран кескі соғыстардың бәрі дүние үшін, байлық үшін екені рас қой. Бұрын қоғамда кім бай болды? Кім күшті, кім әлді сол әлімжеттік жасады. Ал, қазір заман мүлде өзгерді. Қазір айналаңызға қараңызшы, кім бай? Күшті, әлді емес, басы істейтін адам бай. Бір қоғамда әр деңгейде өмір сүріп жатқан 2 адамды салыстырып көрелік. Біреуі әлді, күшті айына 50 000 теңгеге өмір сүруде, ал сен оған қарағанда күшің аз, 5000 000 табыс табасың. Қоғам дамығандықтан, заң жұмыс істейтіндіктен ол сенің байлығыңды тартып ала алмайды. Солай ғой?» деген әңгіме айттым.

Күш, жүрек және білімнің тартысында кім жеңетіне бір мысал:
Тарихта «Нанкин қырғыны» деп аты қалған соғыста Жапондар 500 000 нан астам қытайларды қырып салған. Екінші дүниежүзілік соғыста сол жауынгер, батыр жапондар Перл Харборда Американдықтарды да жойқын соққы берді.
Бірақ сол жауынгер халықты білімі мен ғылымы дамыған Америка 2-ақ бомбамен тәубәсіне келтірді, тізерлетті!

Сондықтан біз өзіміз де, ұрпағымыз да білекке емес, білімге сүйенгенде бай да бақуатты, бейбіт те қайырымды қоғам құра аламыз!
Спортпен тек ден саулық үшін айналысу керек деп санаймын. Өзің бай, елің бай болсын десең бар уақытыңды білімге және еңбекке арнау керек! Сол кезде Қордай оқиғасы сияқты оқиғалар бізде қайталанбайтын болады.

Келісесіз бе? Келіссеңіз өзіңіз білім мен еңбек жолына түсе алдыңыз ба? Нақты қандай білімді игеріп жатырсыз? Игере алмасаңыз оның себебі неде деп ойлайсыз?

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста