Переселендер сияқты, ауылды орыс техникасы "басып" апты...

Бұл кезеңнен сөзсіз өтеміз немесе үйреніп кетеміз! Дағдарыс, қымбатшылықтан...
Әңгіме басқада: осының барлығы Совет одағына деген сағынышты арттыру үшін жасалып жатқан сияқты. Ал, онсыз да күзетші, ташкіші, құрылысшы... қазақтың 50 пайызы қып- қызыл шинельден шыққан экс-сәбеттік және олар үшін СССР дегеніңіз сары орыс...
Екінің бірінің сөз саптауында "баяғы совхоз...", "Сәбет кезінде..." деген тіркес жүр) Әсіресе, ауылдағылар, таза қазақы ауылда...
Мүмкін, біздің ауылдарға Тәуелсіздік ұғымы (рухы былай қалсын)) тек теледидар арқылы ғана жеткен шығар... Прайм-таймның алдындағы кәріс, үнді, түрік сериалдарындағы лирика мен соңындағы орыстың ұрылар әлемі мен арнайы қызмет жауынгерлерінің патриотизмі "Жеті күннің" сараптамасын жуып-шайып та кеткен болар...
Сосын, бір кезгі переселендер сияқты, ауылды орыс техникасы "басып" апты... 4 көліктің екеуі Автоваз... біреуі "Нексиа". Әнтек, от алмаған ескі "Аудиді" сүйреген "Нива..."
..."Сетраның" шалқаймалы орындығына белі шыдамаған қандас Қытайдың алыс жолға арналған төсек-орынды автобусын айтып келді...
Қалмахамбет Мұқаметқали
Facebook-тегі парақшасынан





