«Повармын деп қыздармен танысуға ұялмайсың ба?" десем, маған бәрібір ақша тапсам болды деп отыр
Бүгін кезекте отырып бір орыс жігітпен сөйлесіп қалдым. Негізі мұндай общение сен үшін өмір сүріп, жұмыс істегендей қабағын қарс түйіп жүретін ЦОН, аурухана секілді жерлердегі қызмет түрлерін күтіп отырғанда жақсы кетеді. Жаңағы жігіттің жасы 21-де екен. Круизный лайнерде болып, жұмыс істеп, жарты әлемді аралап келіпті. Келген беті осы екен. «Астанадағы шарагані бітіріп алып, шет елге кетіп қалдым, пахан мент еді, тартпақшы болды, службаң өзіңе деп, өзіме ұнайтын повардың оқуын бітірдім де контрактімен шет елге тарттым» дейді. Қазақы понтпен «повармын деп қыздармен танысуға ұялмайсың ба?" десем, маған бәрібір ел мен жер аралап, ақша тапсам болды, жақында Катарға екі жылға кетіп барам» деп отыр. Ойланып отырмын. Екіні екіге көбейте алмай мұғалімнен таяқ жемей-ақ, төрт жыл қашып-пысып бакалавр оқып, содан соң екі жыл магистратура анау-мынау деп аузың қурап, білім алып жүрмін деп өз-өзіңді алдап, сандалмай-ақ өзіңе ұнайтын жұмыспен де біраз нәрсе көруге болады екен ғой.
Олжас Беркінбаев
Facebook-тегі парақшасынан