Причем тут сақал, мен сақалға трогать еткен жоқ ...

Причем тут сақал, мен сақалға трогать еткен жоқ ...

Ата-анаңның атын тергеме

Енеден келінге ежелден мирас болып келе жатқан дәстүрлеріміздің бірі жас келіннің ата-енесінің атын атамай ізет көрсететіні бар. Тіпті күйеуінің аға-әпкелеріне, іні-қарындастарына да жарасымды ат тауып алады. Ол ол ма? Бұдан біраз жыл бұрын ауылымызға жас келін түсіп, үйленбей жүрген қайнағасына «Бойдақ жәке» деп ат қойған еді. Сол «бойдақ жәкесі» кейіннен үйленіп, балалы-шағалы болса да сол атымен өмірден өткені бар. Ал, баяғыда жаңадан түскен жас келіннің «Сарқыраманың ар жағында, күркіременің бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр...» дегенді бәріңізде жақсы білесіздер. Сондағы маңырамасы қой да, ұлымасы қасқыр ғой, баяғы. Мұнда жас келін Қойшыбай деген қайынатасы мен Қасқырбай деген қайынағасының атын тергемей, өзінше тапқырлық көрсетсе керек. Бұл аңызды бәріңіз білетін болғандықтан мен өзім куә болған осындай оқиғанының бірін, өмірде болған мына бір жағдайды айтып берейін.
Ол кезде жалаң аяқ, жалаң бас - бір көшенің шаңын екінші көшенің шаңына қосып, шапқылап жүрген бала кезіміз. Бір күні көршіміздің Алматыда оқитын баласы келін әкеліп, ауылымызда дүркіреген той болды. «Той дегенде домалайды қу бастар» дегендей ауылдың «қараборбайлары» біздер де тойға шақырылмай-ақ жетіп бардық. Бәріміз ән-жыр тыңдағанды, әзіл естігенді қызық көреміз. Әйтпесе бізді елеп дастарқанға шақырып жатқан біреу жоқ.
Алмабақ ішіне текемет төселіп, дастарқан жайылған. Той да өзінің нағыз қызу шағында. Бір кезде: «келін өлең айтсын, келіннің әнін тыңдайық!» деген өтініш естіліп, қызып алған көпшілік кеу-кеулеп кетті.
Сөйтсек жас келін қала қызы болса да халық әндерін нақышына келтіре орындайтын өнері бар екен. Келіндерінің ашық-жарқын мінезіне риза болған той иелері Есенаман мен Ләйлім қариялар тіпті мәз. Есенаман ақсақал аласа бойлы, мінезі шадырлау, шоқша сақалды кісі болатын. Өзі де қызық, көңілі қош кезінде кілең балаларды жинап алып, соғыс кезіндегі ауылдағы қатын-қалашқа бригадир болғанын айтып, бәрімізді күлкіге қарық қылатын. Ал, ашуы ұстаса, тәңірім сақтасын, үш төбенің арғы жағына асырып тастайтын.
– Келін Біржанның «Ләйлім шырақ» әнін айтсын, - деді бір қуақы жігіт. Ойында ешнәрсе жоқ көпшілік «айтсын, айтсын» деп қолпаштай жөнелді. Келін де көп қиылып тұрмай әсем әнді өзінің сыңғырлаған даусымен шырқап кетті.
Есен-аман жүрмісің Ләйлім шырақ,
Жаңа таптып ауылыңды көптен сұрап.
Ләй-лім, ләй-лім, ләй-ләй...
– Тәйт! Мына қарақар не дейді ей?!
Жалт қарасақ Ләйлім шешейдің түрі бұзылып кетіпті. – Мына көргенсіз көзімді бақырайтып қойып, Ләй-лім, Ләй-лім» деп сайрап тұр ғой. Басқа өлең құрып қалды ма, шұнақ!
– Ой, жеңеше-ай, - деді жаңағы қуақы жігіт, – Сіз тұрмақ Есенаман жүрмісің деп Ес-ағаңның атын да айтып салды емес пе, келіндеріңіз. Ес-ағаң оған да шыдап отыр ғой, қазір сақал сыйлайтын заман емес...
Бұл кезде Есекеңнің де сақалы селкілдей бастаған еді. Ол да қасқыр тартқан ешкідей бақ ете түсті.
– Әй, жетпегір, мынаны қайдан таптың, ә! Әлден қанбазарда сақалымды саудаға салып масқаралыды ма? Бар, қайдан әкелсең, сонда апарып сал! - деді баласына.
Лезде астаң-кестең болып, тойдың берекесі кетті. Келін де бір бозарып, бір қызарды.
– Причем тут сақал, мен сақалға трогать еткен жоқ.., - дейді ол кемсеңдеп.
Бір қартаңдау әйел келіп оны жұбатып жатыр.
– Ешнәрсе етпейді, шырағым, байқамағансың ғой. Есенаман деген атаңның, Ләйлім деген енеңнің аты шырағым. Ешкім ескертпеген ғой. Бәрін бүлдіріп жүрген мына жуәрмек, - деп жаңағы қуақы жігітке тап берді.
– Извините, аташка, апашка, я незнала, білгем жоқ, - деп жас келін жылап жіберді.
Сөйтіп осындай бір жағынан ыңғайсыз, бір жағынан күлкілі оқиғаның куәсі болғанбыз. Одан бері талай жылдар өтті. Сол кездегі жас жұбайлардың балалары да ержетіп, келін түсіріп, ата-ене атанды. Қамажай қазір толықсыған салиқалы жан. Қазақша таза сөйлейді. Қанша дегенмен ана тілі ғой. Той томалақтың да сәні. «Ләйлім шырақтан» басқа әндерді тамылжыта орындайды.
Айтпақшы, Қамажай да келін түсіргенде баяғы «қызық» бұл тойда қайталанған жоқ. Кейінгі келін де ән салды. Бірақ, әйтеуір «Басында Қамажайдың бір тал үкі» демеді...
– Келін, ата-енеңнің атын тергеме деп біреулер күн ілгері ескертіп қойса керек...

Қыдырәлі Қойтай
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста