Пысықайлық деген жақсы қасиет емес, ашкөздене берудің соңы жалғыз қалу...

Пысықайлық деген жақсы қасиет емес, ашкөздене берудің соңы жалғыз қалу...

Толық адам болу, соған ұмтылу адамның жасымен өлшенбейді ғой. Әйтпесе жасы жүзге келсе “жарты адам” боп жүргендер қанша! Өз бағаңды білу деген өзіңді өзің мақтап, деңгейіңді көтермелеп, бағаңды асыру емес. Ол тыраштану. Ондай шіренгеннің талайын көрдік, сөзі дәу, ісі майда. Керісінше көп нәрседе ұялу керек, қысылу керек. Қадіріңді білетіндер өзі-ақ бәсіңді төмендетпейді. Адам біткеннің бәрі опасыз емес.
Көптен айналысып жатқан жұмысым бар еді. Ауқымды шаруа емес, кішігірім шығармашылық тірлік. “Көмегің керек еді, еңбегіңді карточкаңа салып жіберейін, аз болса еш қысылмай айта бер, ретін тауып тағы да салып жіберемін” деп, бір ініме хабарластым. Сөзге келген жоқ. Бір кезде “бұл маған көп, апай” деп жазып жіберіпті. Дым жалғандығы жоқ сөз екенін жаныммен сезіп тұрмын. Өте салмақты, сауатты журналист бала ғой. Жібереріме жіберіп алып, аз боп қалмады ма екен деп, қысылып отырғанмын...
Бұл баланың жас болса да адал екенін сезетінмін, бұрыннан. Алғашында не дерімді білмей, қыстықтым кеп. Адам осындай адалдықты да сағынады екен! “Айналайын, жаным-ай” дей беріппін)
Адам деген мың құбылмай, өтіп жатқан әр сәтін “бұл менің өмірбаяным, бұл менің өзім” деп қабылдаса, адам боп ғұмыр кешер еді-ау!
Жол бойына ойландым. “Мен кімге осылай айтып ем?” деп.
Бір жағдай есіме түсті. Бір жасы үлкен кісі “Әлия, сен маған түйіндеме жазуға көмектесіп жіберші, кітапқа керек боп тұр” деді. Ол кісіні дұрыс танымаймын, ол кезде. Бір күнімді арнап үйіне барып, айтқанын жүйелеп жазып бердім. Бір парақ қағазға. Кетерімде жүз доллар берді. “Бұл көп апай, әр нәрсенің өз бағасы болады” дедім. Және ол долларды алмайтынымды анық айттым. Содан теңгелей берген қағаз ақшасын алдым да, үйге қайттым.
Сол сол екен, ол кісі менімен қарым-қатынасын үзбеді, қызындай көріп кетті. Әлі күнге дейін араласып тұрамыз. Жоғарғы білімді, оқыған-тоқыған, үлкен қызметтер атқарған зиялы кісі ғой. Бәрібір адамның басын бағалап тұр. Сенгені сонша, бір жаққа кетерінде үйінің кілтін қалдырып кеткен де күндері болды. Үйі кең, ауасы таза, қаланың сырт жағында тұрады. Қаладан қысылсаң, кеп мында тұра бер дегені ғой...
Жалпы, кез-келген дүниеде пысықайлық деген жақсы қасиет емес. Ашкөздене берудің соңы жалғыз қалу, бәрі безіп кетеді сенен.
Мына баланың (аты-жөнін әдейі жазбадым, біраз адам танитын болған соң) ата-анасына рақмет айттым, іштей. Бәрі тәрбиеден ғой. Рас айтамын, менің балаларым ертең осындай адал болса, онда өмірім босқа өтпегені деп ойлар едім. Айналып кетейін сенен! Қолыңнан келсе қанеки, үйіп-төгіп тастасаң!

Алия Құдайбергенова

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста