Қайда қарасаң да құдайдың қолтаңбасын көресің...

Адамзаттың осы кезге дейінгі ойлап тапқан бүкіл азғындығының емі бар екен. Темекі тарту, алкоголь, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік, құмар ойындары, порно тс.с... Осы құмарлықтың бәрін бір минутта тастап кетуге болады. Біреулерге бұл жаңалық емес секілді болып көрінер. Бірақ адамзат осының емін таба алмай жатыр. Бұл ойымның астарына үңіліп көргендер шынымен де қайран қалады. Адамзаттың қазіргі "дамыған қоғамының" атрибутына айналған осы бір азғындықтан адам баласы исламды қабылдаса ғана құтылады екен! Исламды шын жүректен тебіреніп тұрып қабылдап жатқан европалықтар кейбірі өмірі құтыла алмайтын қазіргі қоғамның осындай арсыз әдетімен бір-ақ сәтте қош айтысқанын көрдім. Азғындықтың түр-түрі әуелде сол «кәрі құрлықтан» шыққан еді ғой. Енді олар мұсылмандықты тани салысымен, қоғамдық антивирусқа ұқсайтын осы дінге жабысып алып жатыр. Ал біз қолдағы алтынның қадірін білмей жүргендейміз. Қалай, ә?! Алла Тағала пендесіне осы уақытқа дейінгі тапқан барлық жаман әдетінен әп-сәтте арыла салатын осындай «мүмкіндік» те жасап қойыпты.. Ол үшін әлгі шетелдіктерше тіліңді кәлимаға келтірсең болғаны. Ал біз оның емі жоқ деп ойлап жүрміз.. Қайда қарасаң да құдайдың қолтаңбасын көресің...
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан





