Қайран, алаштықтар, көрлеріңде өкіріп жатқан боларсыңдар

Ең үлкен қателік - Дархан Әбдіктің өмірге келуі, онда да қазақ болып келгені!
Дархан Әбдіктің Жетісу арнасындағы "Қателігін" соңына дейін тыңдап шықтым. Ұққаным - "комплексованный" казахстанец - Дархан Әбдіктің бәлкім білімі мол шығар, бірақ "Ұлтына, жұртына қызмет ету ‐ білімнен емес, мінезден" - деп Әлихан бабамыз айтып кеткеніндей, бұл жігіттің мінезі, ұлттық мінезі жоқ екен. Және осында көбі соны "керемет айтты" деп қолдап отыр. Бұл - қасірет!
Алаштың ардақтысы - Әлихан Бөкейхан атамыз кезінде түрмеде отырған Міржақып Дулатұлына жазған хатында: "Мадияр (Міржақыпты солай атаған), алда әлі Күнді көре алатын ұрпақ келеді. Сол күнді көре алатын ұрпақ бізді ризашылықпен, зор құрметпен еске алатын болады. Өкінбеңдер, күрес жолына түскендеріңе өкінбеңдер!.." деген еді.
Қайран, алаштықтар..! Өздерің үміт еткен "күнді көре алатын" ұрпағыңның: "Қазақ хандығының құрылуы ең үлкен қателік".... "Ұлтты сүю - комплекс" деп көкіп отырғанын көріп, көрлеріңде өкіріп жатқан боларсыңдар...
Ася Асеткина
Фейсбуктегі парақшасынан





