Қалай "піш етсең" де балағың былғанбайды
Қысқа балақтардың ақылдары да қысқарып жүр. Балақтың қысқалығын ер азаматтардың дәрет сындырғандағы тазалығымен байланысты дейді. Қай жағынан алып қарасақ та ер адамның отырып дәрет сындырған расымен де денсаулыққа пайдалы. Кезінде қазақтарда қазіргі ауылдағыдай жерден қазылған әжетхана, немесе пәтердегідей унитаз болмағаны белгілі. Тегіс жерге отырып дәрет сындырғандықтан отырып "піш еткеннің" өзінде шалбардың балағына отырып дәрет шашырауы мүмкін. Араптарда да дәл солай болған. Арабтар балағына дәрет шашырамас үшін де қазіргі өздерін салафит санайтын бауырларымыздай балақтарын тобықтан жоғары қиып тастаған. Кейбір едерде ішінен қысқа дамбалмен қазіргі әйелдердің юбкасы сияқты (изар) киім киген. Бұндай киімді қазір "Таблиғи жамағатшылардың" үстінен көруге болады. Нәжіс шашыраған жағдайда тобықтан жоғары дәрет алғанда жуа салатын. Ал қазақтар қонышы тобықтан жоғары мәсі киіп, дәрет алғанда мәсінің сыртынан масіх тартатын мәнісі де сол. Мәсіні жай ғана сыртынан сипау емес, сулау арқылы сыртына тамған дәреттен сүртіп тазарту. Ал мәсіге су жұқпайды, сыртын сүртіп тазарта салуға жеңіл. Алайда біздің заманымызда әрбір үйде тереңнен шұңқыр етіп қазылған әжетханалар бар, пәтерде унитаздар бар. Қалай "піш етсең" де балағың былғанбайды. Сондықтан қазіргі заманда 40 градусқа дейін аязы бар біздің жерімізде жиі дәрет алады екенмін деп балақ қысқарту, араптардың киіміне жабысу, қыста нәскидің қонышы добалдай етіп киіп алу білімсіздік.
Ермек Құрманғалитегі
Фейсбуктегі парақшасынан