Қандай әйелден күйеуі кетпейді?

Қандай әйелден күйеуі кетпейді?

Күйеуі тастамайтын дана әйелдер мықты отбасы құрады. 

Қандай әйелдерден күйеуі кетпейді?
Әдетте бұл сұраққа жауап жоқ. Бәрінен кетеді, реті келгенде дейді. Бірақ негізінен ұрысқақ, түйсіксіз, төсегі суық, өзінің әлпетіне дұрыс қарамайтындардан кетеді... Бәлкім, бар қиындық әйелдің мінез-құлқында емес, басқада шығар?
Күйеуі тастап кетпейтін дана әйелдердің бірнеше құпиясымен бөлісейік: Ер адам – өмірдің мағынасы емес. Әлемнің кіндігі емес. Арманның ең асқағы емес. Дүние одан әлдеқайда кең. Көре алған адамға. Әйелдің өмірінде еркекті бағалаудан басқа қызық жоқ па? Сондықтан оның мойнына мініп алудың еш қажеті жоқ. Оның алдында өтірік мүләйімсіп, қызмет көрсетіп, алдынан да, артынан да шығып айналсоқтаудың не пайдасы бар? Неге әйел еркекке тәуелді болуы керек? Әйел оның жанынан табылып, онымен бір бақытты бөліссе де жеткілікті болар еді ғой.
Әр әйел, тым болмаса теориялық тұрғыда кез келген сәтте күйеуінен кете алатындай деңгейде болуы керек. Ол қаржылай тәуелсіз, кәсіби маман және жетілген тұлға болуға ұмтылуы маңызды. Мұндай әйелді жоғалтып алуға кім болса да қимас еді. Мұрнына сірге тағып, жетектеген, өмір бақи масыл болып, күйеуінің мойнына мініп алатын әйелдерге қарағанда.
Әйел – отбасы ұйытқысы. Басқаша болуы да мүмкін емес. Кесте тігу қолынан келмесе де, дәмді тоқаш жасайтыны анық. Тоқаш пісіре алмаса, оның асқан еті ең керемет. Ер адам тәтті тамақ пісіріп, баптайтын, әрдайым жейдесі үтіктеулі тұратын үйден кетпейді.
Ер адам әйеліне бар тапқанын беріп, бетіне қарап отырмауы керек. Ешбір себеппен, ешбір айлаға көнбегені абзал. Сосын! Күйеуі кетпейтін әйелдер оның қалтасын ешқашан ақтармайды. Оң қалтасында банк карточкасы, сол қалтасында сұлу қыздың визиткасы барын білсе де.
Әйелі деген төсектес қана емес, ол үй шаруасын дөңгелететін аяулы жан, ұл-қыз туып беретін ана. Ол міндетті түрде дос! Жандос десек артық айтқандық емес. Ер адам рухани жалғыздықты көтере алмайды. Оларға міндетті түрде жоспарын айтып, бүгінгі істерін әңгімелеп, кеңес сұрап, кеңес беру маңызды. Ұсақ-түйекке қатысты болса да.
Күйеуі тастап кетпейтін әйел ешқашан оның шамына тиетін сөз айтпайды. Ұрыс-керіс жасамайды. Көңілсіздігін білдіртіп, өзгелердің жүйкесін жұқартпайды. Жатпай қоямын деп жұлынып, төсекпен өзін өлшемейді. Ол үнемі сөйлесіп, келісіп алуды біледі. Ал, егер келісімге ұмтылмаса, кетіп қалады.
Ол ылғи даму үстінде болады. Жақсы киінеді. Өзін жақсы күтеді. Жаман әдеттерімен күреседі. Ол тапқан табысының бір бөлігін өзіне ғана жқұмсайды. Бұл, яғни өзге еркектердің алдында күйеуінің абыройын ойлағаны. Күйеуі тастап кетпейтін әйел оның әрбір ермегіне құрметпен қарайды. Міндетті түрде өзінің де ешкімге айтпайтын әуестіктері болады.
Әйел әлсіз болуға қақылы. Бірақ ақымақ болуға құқы жоқ. Күйеуі кетпейтін әйел өзін қатты жақсы көруі керек. Сонда ол күйеуін де риясыз жақсы көре алатын болады.
(Аударма)

Шынар Әбілдә
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста