Қауіпті тенденция

Қауіпті тенденция

Өткен жолы Зейін Әліпбек бауырым Қазақстандағы жылдың басынан бергі неке құрғандардың санын осы ФБ-ға салғанда "ал ажырасқандаржың саны қанша?" деп сұрағаным бар еді. Бүгін ол статистиканы да жариялапты. Елдегі неке және отбасы жағдайы аса мәз емес екенін онсыз да сезіп жүрміз.

 

Шамамен әрбір үшінші отбасы ажырасатын болар деп болжаушы едім, солай екен расында. Бірақ бұл жолыболжамымның расталғаны мені қуантты деу қиын. Қауіпті тенденция.

 

Қазақтың отбасы институтының алтын дәуірі келмеске кетіп бара жатыр ма деймін. Неліктен мұндай жағдай қалыптасты деген сауал төңірегінде ұзақ пікірталастыруға болады. Бұған елдегі әлеуметтік ауыр ахуал да әсер етті, тұрмыстық зорлықтың да себебі бар. Жұмыссыздық, тұрақсыздық, шыдамсыздық, бәрі де өз әсерін тигізді.

 

Бірақ, басты себеп пен негізгі кінә біздерде, ата-аналарда жатқандай көрінеді маған. Жастар бүгінде шыдамсыз, бір-біріне тым талапшыл, өмірдің кішкентай ауыртпалығына морт сынады, бірден шорт кеседі, ажырасуға дайын тұрады дейміз. Ол рас. Дегенмен оларды сондай қылып өсірген кім? Заман сондай дер біреулер. Ал заман деген не? Кімдерден құралады сол айтып отырған заманымыз? Адамдардан, сіздер мен біздерден құралады заман деген.

 

Сондықтан да төмендегі көрсеткіштер сіздер мен біздердің жетістігіміз. Дәлірек айтқанда сорымыз.

 

Кестеге зейін салсаңыздар, орыс көп шоғырланған облыстарда ажырасу көрсеткіші 50% дейін жеткен де, дәстүрлі қазақы аймақтарда аздау, 30% төңірегінде екен. Бірақ, осыдан бір ғасыр бұрын ғана неке бұзу көрсеткіші 0% тең болған қазақ үшін бұл да жақсы нышан емес. Осылай әрі қарай кете берсе, орекеңдердің 50% жолда қалатын түрі бар. Бала өсіріп отырған әрқайсымызға ойланатын жағдай.

 

Неке институты тұрақсыз елде бала аз болады, бала аз елде демография құлдырайды, демографиясы төмен елдің экономикасы әлсіз болады. Себебі еңбек ететін күш азаяды. Ал экономикасы әлсіз елден береке кетеді. Сөйтіп түбі біреуге жем болады.

 

 

 

Мұхтар Түменбай

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста