Қазан-ошақ қасындағы "Қажымұқандар"
Бүгінгінің мықтыларын кешегі қазақтың марқасқаларына теңеп қоямыз кейде. Рас, боз кілемде атой салған Қажекемнің ізбасарлары бүгін де аз емес.
Кеше ғана зілтемірді ұршықша үйіріп, қазақ атын айдай әлемге паш еткен Жасұлан Қыдырбаевты өз басым бүгінгінің Балуан Шолағына балаймын. Тек, сол "қажымұқандар" мен "балуан шолақтарды" қазан-ошақ басына қиғым келмейді. Өткенде түйе палуан Бейбіт Ыстыбаевтың әлдебір арнада тамақ жасап тұрғанын көріп тіксініп қалып едім, бүгін буы бұрқыраған чемпион Жасұланымыз теледидарда салат жасап жатыр. Айналайын әріптестер-ау, қазан-ошақтың қасынан шықпайтын әнші еркектер жетіп жатыр ғой сендерге! Қазақтың мақтаныштарын қазан-ошақтарыңа жолатпай-ақ қойыңдаршы! Кешегі Әбiлсейіт, Әбдісаландар, тіпті Дәулеттер тамақ жасамай-ақ халқына танымал болды емес пе? Алпамсадай қазақ керек болса анау әнші Абдуллиндi шақырыңдар. "Бешбармактың" түбін түсіріп, туфлидің түгiн қалдырмай жалап беретін...
Арман Сқабылұлы
Facebook-тегі парақшасынан