Қазақ – өз тілінде сөйлейтін өзге ұлтты қатты құрметтейтін халық

Қазақ – өз тілінде сөйлейтін өзге ұлтты қатты құрметтейтін халық

Әдебиет институтының жатақханасында тұрған кезімде екі полицей әр бөлмеге кіріп, студенттердің төлқұжатын тексерді. Менің Қазақстаннан екенімді білген орыс жігіт «Мен Шымкентте туып-өскенмін. Мектеп бітіргеннен кейін Ресейге келіп, жоғары білім алып, азаматтық алып, осында қалдым» деп өзін таныстырды. «Шымкентте туып-өссеңіз, қазақша білетін шығарсыз?» деп сұрадым. Қазақ тілінде «неге білмеймін, әрине, білем» деп жымиды. «Бала кезімнен аулада қазақ балалармен ойнап өстім. Шымкенттің халқы қазақша сөйлейді. Шымкентте жүргенде тәп-тәуір қазақша білетін едім. Ресейге келгелі ешкіммен қазақша сөйлеспеймін. Практика жоқ. Ұмыта бастадым. Ата-анам әлі Шымкентте тұрады. Олар да қазақша сөйлейді» деді. Сосын «Кеше осы ауданда бір қыз жоғалып кетті. Қазір соны іздеу үстіндеміз. Былтыр да бұл ауданда бірнеше қыз-жігіттер жоғалды. Кешкісін оннан кейін далаға шықпа, абайлап жүр» деді қамқор үнмен. Қасындағы орыс жігіт «қорқытпасаңшы» деп еді, «Бұл қыз – менің жерлесім, қарындасым. Сол себепті, шындықты айтуға мәжбүрмін. Тіпті мына жатақханада кезінде нашақор жігіттер тұрған. Сол себепті, абай бол!» деп жанашырлық танытып жатты. Жігіттің әңгімесінен туып өскен жерін, қазақтарды қатты құрметтейтіні байқалып тұрды.
...Бірде Мәскеудегі Ұлттар үйінде өткен қазақтардың концертінде қазақстандық орыс келіншекпен таныстым. Жолдасының жұмыс бабымен Мәскеуде тұрып жатқандарына үш жыл болыпты. «Астанаданмын. Мәскеуде пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Елдегі пәтерімізді сатпай, жалға беріп қойдық. Басында өзіміз де, балалар да Мәскеуге үйрене алмай, елді сағынып, қатты қиналдық. Мәскеудің адамдары тым суық. Астана қатты суық болса да, тұрғындары мәскеуліктер секілді суық емес. Балалар әлі күнге дейін «Астанаға қашан көшеміз?» деп жиі сұрайды. Бүгін қазақша ән естіп, елде болғандай бір серпіліп қалдық қой» дейді көк көздері күлімдеп. «Елде жүргенде қазақша концертке барушы ма едіңіз?» деп сұрадым. «Шынымды айтсам, жоқ» деп мойындады. «Бір қызығы, Мәскеуге келгелі өз бетіммен қазақша үйреніп жүрмін. Кейде қызым екеуміз бар білген қазақшамызды айтып, «дұрыс айттық па?» деп күліп аламыз. Елге деген сағыныш бізге қазақша үйретіп жатыр. Ресей – атамекенім болса да, мұнда өзімді бөтен сезінем. Кейбір мәскеуліктер ұлтым орыс болса да, мені «қазақ» дейді, шеттеткісі келіп тұрады. Мен сізге өзім түсінген бір шындықты айтайын, біздер, орыстар – өзімшіл, бәрінен өзімізді жоғары санайтын халықпыз. Мұны Мәскеуге келгенде түсіндім. Бәлкім, елде жүргенде сол өзімшілдіктен қазақша үйренбеген шығармын. Әйтпесе, қазақтар бізге жақсы қарады. Қазір өзіме де, қызыма да қазақша үйрену туралы талап қойып жатырмын» деді.
Жанарында шаршау бар әйелдің осы әңгімені еш жасандылықсыз айтқанына сендім.
Айтқандай, Мәскеуде танысқан Қазақстанда туып-өскен Юлия есімді орыс қыз да: "Мені мұнда орыстар "қазақ" дейді. Ресей азаматтығын "бекер алдым" деп өкініп жүрмін. Бір қызығы, қазақша сөйлеуге "махаббатым" оянып жүр. Бар білген қазақша сөздерімді ұмытып қалмайын деген оймен қайталап қоям. Неге елде жүргенде қазақша үйренбедім екен?" деп еді.
...Бірде Мәскеуден поезбен Оралға бара жатқанымда поезда шымкенттік орыс әйелмен бір купеде болдым. Таразда тұратын татар әйелге қазақты жамандап, өкпесін айтып жатты. «Айналамызда қазақтар отыр-ау» деген жоқ, кеуде деген ұрып тұр. «Шымкенттің жастары «қазақша сөйлеңдер» деп бізден талап етеді, әуелі кейбір құжаттармен мекемелерге бара қалсаң, сонда істейтін жастар қазақша жауап береді. Олардың үстінен арыз да жаздым» дейді жасы елуден асқан орыс әйел құқы «аяққа тапталғанына» ызаланып. Өзі көкбет екен. Алғаш купеге кіргенде татар әйелмен сөзге келіп қалған. Өзі тұрып жатқан жерге сіңу үшін сол жердің халқының менталитеті мен мәдениетімен санасу керектігін ол өмірден ешқашан түсінбей өтетін шығар. Менің пікірімнен кейін бір купеде тұрып, абырой таппасын білді ме, жолсерікке жалынып жүріп, басқа купеге ауысты. Әлгінде ғана орыс әйелді қолдап отырған татар әйел қу екен, менің "мінезімнен" кейін бар білген қазақшасын айтып, "шай іш" деп, жылы-жұмсағын алдыма қойып, бәйек болды.
...Таяуда Мәскеуде Өзбекстаннан келген орыс қызбен таныстым. «Мектепте бізге қинап өзбек тілін үйрететін. Өз басым Өзбекстанда туып, сонда өскен орыс болсын, өзге ұлт болсын өзбек тілін білмейтін адам бар деп айта алмаймын. Ұйықтап жатқан жерімнен оятып жіберсең, өзбекше сөйлеймін» деп күледі.
Негізі Өзбекстанда тұратын барлық ұлттың өзбек тілінде сөйлеуіне қатысты саясатты өзбек билігі жүргізіп отырса, Шымкентте өзге ұлттардың қазақ тілінде сөйлеуін сол өңірдің халқы жүзеге асырып отырғанын мойындау керек.
Ал өз туған тілінің емес, өзге тілдің сойылын соғып жүрген біздің кейбір шенеуніктердің миына ота жасамаса, ештеңе өзгермейді.
Қазақ тілінің мәселесін қағаз жүзінде ғана шешіп келе жатқан билік іс жүзінде нақты іске асырмаса, өзге ұлттар мен қазақтың арасы алшақтай беретіні анық. Елдегі көп ұлт пен қазақтың татулығын қалайтын біздің билік татулықтың бір кілті – өзге ұлттардың қазақша сөйлеуінде екенін түсінетін кез әлдеқашан жетті. Қазақ – өз тілінде сөйлейтін өзге ұлтты қатты құрметтейтін халық.

Аягүл Мантай
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста