Қазақ қалай дүбәра болды?

Орыстар шынымен де қазақтың тарихи танымының быт-шығарып, халықты бұрыңғы шежіресін түсінбейтіндей қатты дүбәралап жіберген екен. Бір жиырмасыншы ғасырда ғана әліпбидің өзін үш рет ауыстырғаны да бекер емес.
Қазақ өзінің бұрыңғы бай мұрасынан көз жазып қалып, әп-сәтте "қазақстандық ұлт" деп аталатын, тамырынан ажыраған космополитке айналып шыға келді. Бұрыңғы бабаларын "моңғол басқыншылары" деп атап, одан басын ала қашатындай күйге түсірді. Қазақтың сонау Алтын Орда кезінен келе жатқан керемет имперлік дәстүрлерін "ескіліктің белгісіне" балап, иманы мен ибасын аяққа таптатты. Құдай жоқ деді.
Бұрын қазақтың намыстанатын нәрсесі көп болатын. Қазір олардың саны қысқарып қалды. Соның кесірінен ұлы мен қызын батырлар жырын жаттаған бекзаттығынан айырып, зинақор, ішкіш қылды. Ең бастысы, бір кездері өзіміз менсінбейтін орыстардың алдында жалтақтап тұратын ұлтқа айналып, тоқсан тоғыз қазақ отырса, арамызда бір орысқа бола орысша сөйлейтін құлдық психологияны санамызға әбден сіңіріп жіберді...
Жолымбет Мәкішев
Facebook-тегі парақшасынан





