Қазақ қоғамына жан бітіп келеді...
Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді... Қазақстандық қоғам өлі балық секілді еді... Ештеңеге селт етпес, инерциямен күнелткен ... Қазір бізге жан бітіп келеді... Саяси белсенділік - бөлек тақырып... Ең басты құндылық - адам және оның тағдырына алаңдай бастадық... Қоғам ең бірінші боп, анау танауы таңқиған Үсеновті орнына қойды, одан соң, Әліби Жамалиевтың жамандығынан сақтап қалды... Енді психикалық дертке шалдыққан деген диагноз қойылған шымкенттік бойжеткен Маржанның тағдырына бейжай қарамайтындығын аңғартып, Астана мен Алматыда тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуде... Қоғамда әділет салтанат құрса, көп дүниенің түйіні өздігінен шешілері хақ... Ешкім сырттан ештеңе әкеп жасап бермейді... Бәрі біздің қолда! Біздің ниетте!
Дина Елгезек
Facebook-тегі парақшасынан