Қазақ тілінің жілігін шағып, майын ішкен ақындар да АЛЛАХ деп көсіліп жүр
Достарым, ақиқаты осы, ақиқаттан ақымақ қана қашады.
Имам Төлеби Оспан -ның жазбасы
Ақын, психолог, блогерлердің назарына!
Бүгінде екінің бірі дін туралы әңгіме айтқысы келсе АЛЛАХ деп сөйлейді. Тіпті, қазақ тілінің жілігін шағып, майын ішкен ақындар да АЛЛАХ деп көсіліп жүр. Блогерлер де осылай айтады. (Енді олар үлкендерден естігенін айтады да). Құрметті әлеуметтік желінің жұлдызы болып жүрген азаматтар (ақындар, аяқ асты психолог болып кеткендер мен блогерлер)! Сіздерді қаншама адам тыңдап отыр. Тыңдаушыларыңыз сіздің әрбір әрекетіңізді қайталайды. Сол себепті, әрбір сөзіңізге мән беріңіздер. Әсіресе, айтатын әңгімелеріңіз таусылып қалса, құран мен хадистен жұлмалап шат-пұтып уағыз айтудың қажеті жоқ. Сосын "АЛЛА" сөзін қолданғанда "АЛЛАХ" деп қолданбаңыздар. Бұл ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ жасалған қиянат. Сосын АЛЛАХ деп қолдану АЛЛА сөзінің араб тіліндегі түп нұсқасына сай келмейді.
БҮГІНДЕ АЙТЫСКЕР АҚЫНДАРЫМЫЗ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРЛЕРІНДЕ "АЛЛАХ" ДЕП ҚОЛДАНУЫ ҚЫНЖЫЛТАДЫ. БАСҚАСЫН БЫЛАЙ ҚОЙҒАНДА ОЛАР ОНДАЙ ҚАТЕЛІККЕ БОЙ АЛДЫРТПАУЫ КЕРЕК ЕДІ. ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУЛАРЫ КЕРЕК ЕДІ. СОНДАЙ-АҚ, ӨЗІМІЗДІҢ ИМАМ ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІ ДЕ ОСЫҒАН МӘН БЕРУГЕ ШАҚЫРАМЫН. ҚАЗАҚ ТІЛІ - БАЙ ТІЛ. ҚАЗАҚ ТІЛІ - РУХАНИ ТІЛ. ӨЗ ТІЛІМІЗБЕН МАҚТАНАЙЫҚ.
ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА ҚАТЫСТЫ ӘРІПТЕСІМ, БАУЫРЫМ Қанат Жұмағұл дың постың назарларыңызға ұсынамын.
''Алла'' ма, әлде ''Аллаһ'' па, қайсысы дұрыс? (Фб-да соңғы уақытта орын алған пікір-таластан туған ой)Бұл сұрақтың дұрыс жауабына жету үшін, алдымен араб тілінде ''الله'' сөзі ''Алла'' деп дыбыстала ма, әлде ''Аллаһ'' деп дыбыстала ма, соны анықтайық.Біз ''Аллаһ'' деп айтқанда, сөздің соңындағы ''һ'' әрпі ''х'' әрпіне өте ұқсас дыбысталады. Яғни, ''Аллаһ'' десек те, ''Аллах'' десек те, айырмашылық байқалмайды.Ал арабшада ''ه'' әрпі тамақтың ең төменінен шығады, әрі нүктелі ''خ'' әрпі сияқты тамақты қырмайды және нүктесіз ''ح'' әрпі сияқты жаңғырмайды. Ол әріп тамақта ешқандай кедергіге соқтықпай, ауа шыққандай таза шығады.Қазақтың ''һ'' әрпі арабшадағы ''ه'' әрпін білдіре алмайды. Себебі, біздегі ''қаһарман, гауһар, жауһар'' сөздерін дауыстап айтып көріңізші. Сосын ''хат'' деген сөздегі ''х'' әрпімен алмастырып, ''қахарман, гаухар, жаухар'' деп айтып көріңіз, айырмашылық өте аз, тіпті байқалмайды.Демек, біз ''Аллаһ'' десек, бұл сөз ''الله'' деп емес, ''اللاخ'' деп дыбысталады. Ал бұл дұрыс емес.
Енді біреу айтуы мүмкін: Мен ''Аллаһ'' дегенді дәл арабшадағыдай дыбыстаймын, деп.Енді осылай деген кісі мына сөздерді қалай оқиды екен: ''Аллаһты, Аллаһқа, Аллаһтың''Әрине бұл сөздер ''Аллахты, Аллахқа, Аллахтың'' деп оқылады. Әлде ''Аллаһны, Аллаһа, Аллаһның'' деп өзбекше еки татарша оқиды ма?Араб тілінде ''ه'' әрпі болар-болмас, өте нәзік оқылады. Жоғарыдағы сөздердің орнына ''Алланы, Аллаға, Алланың'' деген сөздерді қолдану тілге өте жеңіл.Әрі ''Алла'' сөзі ''الله'' сөзіне әлде қайда жақын дыбысталады. Аз да болса, арабтарды көрген, сөйлескен, аудармашы болған адам ретінде бұл пікірді сеніммен айта аламын.Әрі ''Алла'' десең, Пугачеваның есіміне ұқсап қалады деген уәж де негізсіз. ''Алла'' деп келгенімізге қанша ғасыр болды? Алла Пугачева кешегінің, бүгінгінің адамы емес пе? Ұқсап кетеді деп әр көлденең аттының есіміне бола, өзгерте берсек, неміз қалады?!
Айгүл Елшібаева
Фейсбуктегі парақшасынан