Қазаққа түзу жол сілтеймін деген адамға кейде жеңілтек болу керек

Қазіргі заманда Қазаққа түзу жол сілтеймін деген адамға кейде жеңілтек болу керек..
Біздің қоғамның менің ойымша 70%- 80%
1. Классикалық әндерді емес эстраданы тыңдайды
2. Саяси жаңалықты емес, өсек контентті оқиды
3. Ғылыми мақаланы емес, сиқырды, жалған ғылым «Лженаука» ны іздейді
4. Документалды киноны емес, вайнердің сайқымазағын көреді..
5. Кәсіби бизнесменді емес, 5 күндей аяқ астынан бай боласың деген Алаяқты тыңдайды
Ары қарай сіз жалғастырыңыз..
Сондықтан қоғамға ықпал етуге тиіс салмақты ғалымдардың, философтардың, тарихшылардың, бизнесмендердің, саясаткерлердің үнін 70%-80% халық естімейді, көрмейді.
Сондықтан «Заманың түлкі болса, тазып боп шал» дегендей қоғамға оң ықпал ету үшін, сол қоғамның сөзімен сөйлеуге тура келеді.
Олардың назарын шегірткелер, блогерлер, алаяқтар сияқты жеңіл контентпен аударып алып барып, салмақты ойды айтуға сіңіруге тырысу керек..
Басқа жол жоқ..
Сондықтан «Шарасыздан шалға тидік» деген кәрі қыз сияқты шарасыздан жеңіл контент жазылып жатса түсіністікпен қараңыздар..
Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан





