Қазақша білетін әкімдер мен министрлер ғана халықпен нәтижелі келіссөздер жүргізе алды

Қазақша білетін әкімдер мен министрлер ғана халықпен нәтижелі келіссөздер жүргізе алды

Жаңа премьер-миңистр Әлихан Смайылов алғашқы үкімет отырысын тек қана мемлекеттік тілде өткізді. Бір қуанарлығы жаңадан тағайындалған министрлер Қанат Мусин,Асқар Омаров,Ажар Ғинаят,Қайырбек Өскенбаев, Әлібек Қуантыров, Болат Ақшолақовтың қазақшалары жақсы екен. Барлығы 2022 жылға арналған жоспарларын таза қазақ тілінде айтып берді. Үкімет отырысының мемлекеттік тілде өтуі премьер-министрдің нақты талабы екендігі көрініп тұр. Бұған дейін болған барлық үкімет басшылары отырыстарды екі тілде жүргізіп келіп еді. Жаңа үкіметтің бірден қазақ тіліне мән беруі жақсы нышан. Бұл біз үшін орындалмайтын арман сияқты еді. Үкімет осы бетінен таймаса, ана тіліміздің мәртебесі өсе түсетін болады.Енді үкімет құжат айналымдарын да мемлекеттік тілге жедел көшіруі керек.Екі тілде қүжат жүргізу тиімсіз және мемлекеттік тілдің пәрменін әлсірететінін тәжірибе анық көрсетті.
Елімізде қаңтардың басында өткен бейбіт шерулер кезінде алаңдарға жиналған барлық халық талаптарын тек қазақ тілінде жеткізгенін бәріміз көрдік. Қазақша білетін әкімдер мен министрлер ғана халықпен нәтижелі келіссөздер жүргізе алды. Ал қазақша білмейтіндер ел алдына шыға да алмады. Мемлекеттік тілді бігмейтіндерді жүртшылық қабылдай алмайтын еді. Бұл нені көрсетеді? Бұл оқиғалар халықтың негізгі бөлігінің талап-тілегін жеткізуші тіл қазақ тілі екендігін нақты көрсетті. Сондықтан ел алдында қызмет еткісі келетін үкімет мүщелері де, Парламент депутаттары да, барлық деңгейдегі әкімдер де бұл факторды ескерулеріне тура келеді. Ескермесе халық алдында абырой жинай алмайды.

Еркін Байғабылұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста