Қазақшасы “өкінішке орай” басшыларды бір-бір ұйықтатқызып берсе…
Нидерландта 17 жасар бозбала операциядан кейін ана тілін ұмытып, тек ағылшынша сөйлей бастаған.
Дәрігерлер баланың аты-жөнін құпия қалдыруды құп көрген. Белгілісі ол Маастрихт қаласында тұрады. Футбол ойнап жүріп, тізесін жарақаттайды. Ауруханада оған бірден ота жасалады. Наркоздан кейін есі кіріп, өз-өзіне келе бастағанда бірден ағылшынша сөйлей жөнелген.
Жақындары баланың ана тілі - голланд тілі екенін, ағылшынша тек мектепте, ағылшын тілі сабағында ғана сөйлегенін айтқан. Тағы бір қызығы - ол өзін АҚШ-ң Юта штатында тұрып жатырмын деп ойлаған.
Не ғой, ана дәрігерлерді, әсіресе наркоз берген адамды ДЕРЕУ Қазақстанға алдырту керек! Сосын олар біздің министр-депутаттарды, қазақшасы “өкінішке орай” басшыларды бір-бір ұйықтатқызып берсе…
facebook.com