Қазақстанды педофильдер жаулап алғаннан сау ма өзі?

ҚАЙДА БАРСАҢ ДА - "ПЕДОФИЛЬДІҢ ЖЫРЫ"
Өз көзіме өзім сенер емеспін. Құдай-ау, Қазақстанды педофильдер жаулап алғаннан сау ма өзі?! Әрине, бұл "жаулар" шетел асып жеткен жоқ бізге! Өзіміздің ортамызда жүр олар! Мыйқұрт болған мәңгүрттердің көкейіндегі бар арманы - сәби зорлап рахат алу. Өз қызын зорлау, өгей қызын зорлау арқылы ләззәтқа шомылу. Шындығы осы. Олар неге мұндай сұмдыққа әуес? Осындай сұраққа бас қатырып жатқан институттар бар ма бізде?! Экономика, қарыштап даму дейміз. Дұрыс, мемлекетшілік, идеология туралы толғаудамыз. Ал рухани апатияға ұшырауымыздың себебі неде? Жүздеген қылмысқа мән беріп қарасам, соның жетпісі педофильдік әрекеттер екен. Бұлар ұсталғаны, ал тайраңдап жүргендері қанша?!. Құдай сақтасын!
Бауыржан Сегизбаев
Фейсбуктегі парақшасынан





