Қазақтар сауда жасауда өзбектерден де асып түседі...

Болған оқиға деседi. Шамамен 1994 жылдар болса керек. Шымкенттiк бiр бауырымыз көкөністерін саудалап Орал жаққа барыпты. Саудасы жақсы жүріп, тауарын өткізеді. Қайтарда соңына рэкеттер түскенiн байқап, ақшасынан айырылып қалмаудың амалын жасапты. Әрі - берi ойлап, қаладан шыға алмасын бiлген соң жергілікті кәсіпкерден бес вагон есiк сатып алып Шымкентке беттеген. Ақшаны рэкетке бергенше, есiктердi Шымкентке сатып пұл етсем деген оймен Шымкентке де жетеді. Бес вагон есiктi кiмге өткізерін бiлмей көрші өзбектің тiлiн тауып, 20 есiк сатып беруге әзер көндіреді. Ертеңiне әлгі өзбек есiктердi сатуға шығарған кезде қазақ бауырымыз 20 туысына өзі ақша берiп, солар арқылы қулық жасап өз есiктерiн өзі сатып алады. Есік саудасының бұлай қызатынына таңданған өзбек ағайын кешке келiп қазақтың бес вагон есiгiн түгел сатып алады.
Жақында сол өзбек пен қазақ кездескен екен. Жағдай сұрасып бiлген соң қазақ өзбектен қазiр қандай бизнеспен айналысып жүргенін сұрайды. Сол кезде өзбек: "баяғы сенiң есiктерiңдi сатып жүрмін" деп ренжiптi.)))
Нұрсерік Жолбарыс
Facebook-тегі парақшасынан





