Қазақтың тарихын, дәстүрін, тілін білгісі келмейді түрлеріне қарасаң.

Петропавловскіге барған кезде бірнәрсеге таң қалдым. Сол жақта балалардың арасында отырғам. Футболдан өтіп жатқан бір халықаралық чемпионатты талқылап жатты олар. Бір кезде біреуі тұрып: «Енді тағы бір рет ойнасақ, группадан шығамыз» - деп қалды. Мен таң қалып: «Бәрінен жеңіліп қалдық қой, қалай жеңбексің?»- деп едім, смартфонын алып шықты да, ресейлік топтың ойын кестесін маған сұқ саусағымен көрсетіп: «Міне, екінші орынды тұрмыз ғой!» - деп жатыр. Сол кезде екеуіміз де не айтып тұрғанымызды түсініп, ыңғайсызданып қалдық. Ресейдің командасын «біздікілер» деп қойып әңгімені жіберіп отыр әлгі жерде бәрі. Қазақстанда қандай команда бар екенін, қандай спортшылар бар екенін білмейді-ау солар, есесіне Ресейдің спортшыларын бес саусағындай біліп, соларға өліп-өшіп жақтасып отыр. Қазақтың тарихын, дәстүрін, тілін білгісі келмейді түрлеріне қарасаң. Мектеп бітіргеннен кейін сонда барып оқығысы келеді, сол жаққа барып тұрғысы келеді. Бұлар қай елдің азаматы сонда?
Марат Толыбаевтың орысша постын қазақшаға аударып бердім.
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан





