Қазақтың тілдік қорында қанша сөз барын да білмейміз
Қазақ тіліне жаңа 27 000 термин енгізіледі(!) Мәдениет министірлігінің өкілі Ақтоты Райымқұлова осылай депті. Ономастикалық комиссия (?) тәуелсіздік алғалы қорымызға 18 000 жаңа сөз енгізіп, бекітіп үлгеріпті...
Қарқынды жұмыс екен. Жапон ғалымдары тілді толық түсіну үшін 10 000 сөз білсең жетеді дейді, еуропалықтар есебінше 4000 сөз білген адам газет, кітапты еркін оқиды. Бірақ бұл қазаққа келетін стандарт па? "Абай жолындағы" 17 000 сөзді түсіну үшін басқа өлшем керек-ау... Өкініштісі, бізде мұндай зерттеу жүргізілмейді екен. Қазақтың тілдік қорында қанша сөз барын да білмейміз. 1950 жылдары сөз қорымыз 150 000 делінген, кейін тіркестерді, сөздік формаларды, говорларды қоса санап 2 жарым миллиондай сөз бар-ау деп бір қойды... Сол зерттеуі кемшін теңіз-тілге жаңа сөздер топ-тобымен қосылып жатыр. Құтты болсын дейік, біз игермесек балаларымыз игерер. Бастысы өсіп жатқан тіл - өлмейді!
Серік Әбікен
Facebook-тегі парақшасынан