Қазір елімізде 84 мешіт бос тұрған көрінеді...

"Мешіт" деген сөзді қазақшаға аударсақ "Мінәжат үйі" дегенді білдіреді.
Ислам тарихындағы ең алғашқы мешіт 622 жылы Мұхамед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз Мекеден Мәдинаға қоныс аударған соң салынған Куба мешіті (Құрылысына өзі қатысып, біткен соң Пайғамбарымыз осы мешітте 20 күн құлшылық еткен көрінеді)..
Дубай Экономикалық Даму Орталығының мәліметіне сенсек, қазір әлемде 3,85 млн мешіт бар екен.
2018 ж. Қазақстанда 3601 мешіт болыпты.
Кейбір шағын ауылдарда 2 мешіттен бар. Қазір елімізде 84 мешіт бос тұрған көрінеді..
Қазақтың дені сау баласы «Құдай – бір, құран – шын, пайғамбар – хақ» екенін біледі..
Мешітті құрметтейді..
Олай болса, енді білімге мінәжәт ету керек
Мектепті "Мінәжат үйі" деп жариялап, бар көңіл мен қаражатты соған аударсақ қайтеді?
Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан





