Қазіргі қыздардың бəрін шетінен жастықпен ұрып сынап көру керек

Қазіргі қыздардың бəрін шетінен жастықпен ұрып сынап көру керек

Біздің қазақтар бұрындары өзінің бойжетіп отырған қызын тұрғызып қойып, жастықпен бір - екі мəрте ұрып көріп сынаған екен. Жастықтың соққысына құламаған қызын тұрмысқа жарамды деп шешкен . Өйткені тұрмысқа шыққан қыз, барған жерінде шалжиып жатпайды. Сол үйдің отынымен кіріп, күлімен шығады. Таң ертемен ерте тұрып, сиырын сауып, үйдегілердің ас аухатын береді. (Арасында күбі пісетіні бар). Ата- ене, қайынаға , қайынбике ,қайнысы,қайынсіңлісі дейсізбе бəрінің қас-қабағына қарап, сол шаңырақта келіндік міндетін атқарып, сол жерге мүлтіксіз қызмет ететін болғанғой. Марқұм əжемнің айтуынша яки ол кісінің заманында да осылай жастықпен ұру деген болған екен. Жастық соққысына жалп етіп құлау сол кездегі қыздар үшін кəдімгідей намыс болыпты.Сол сынақтан құламай өтуі үшін,əрбір үйдің қызы жастайынан анасына қолғабыс жасап, үй тірлігіне пысып өсіпті. Ол кездегі қыздарымыздың сырт келбеті мен болмысы қанша нəзік көрінгенімен, шынтуайтына келгенде үй тірлігіне пысық, əрі шымырлау болған екен. Сол əжеміз айналасындағы ер жетіп отырған жігіттерге былай деп айтып отыратын.. Алып анадан туады. Ұрпағың ірі болсын десең, бойшаң əрі сүйегі ірі қызға үйлен. Ұрпағыңның қандай болмағы ол біріншіден анаға байланысты. Қазіргі жігіттер фигура- фигура деп ілмигендерге қызығады да жүреді. Кейбір қыздар да соны біліп алған. Жігіттерге арық қыздар ұнайды екен, арықтаудың жөні осы екенғой деп, уақытылы тамақ ішуден қағылады, немесе əлгі аздыратын бəлелерге ұрынады соңында ауру табады. Күйеуге тиерін тиеді ау. Бірақ өз денсаулығына өзі балта шапқан аурушаң əйелден қайдан сау ұрпақ туылсын. Не ол алған қатының тірлікке жарамаса не оны жұмсай алмасаң, оның несі өмір деп жататын. Əжемнің ‪#‎пысысығой‬ Қазіргі қыздардың бəрін шетінен жастықпен ұрып сынап көру керек. Жастық соққысына жалпасынан түсетін қыздан əлжуаз ұрпақ шығады. Қолым ұзарды деп мəз болған ене ертеңгі күні əлгіндей келінге тап болса, келінге келін болып қызмет етеді дейтін.

Салтанат Бек
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста