Қоғамды алға сүйрейтін елеусіз ерліктер

Қоғамды алға сүйрейтін елеусіз ерліктер

Кәсіби хареографтың алдында дәріс алған кезімде тіреуіші жоқ кеңістікте де өзіңді басқаруға болатынын үйрендім. Сондықтан да оны билеу дейді. Алдымен өзіңді билеу, өзіңді басқару. Өзін билей алған адам ғана өзгелерге тыныштық, сұлулық сыйлай алатынын түсіндім. Ритмнен сәл сәт сырт қалдың ба, бидің бүкіл болмысын бұзасың. Бидің заңы сол.
Жеті жыл бұрын. Би залы. Үшінші позициядан басталып, аяқталатын кезекті сабақтың соңы. Абыр-сабыр. Қысқа уақытта әркім костьюм алып үлгеруі керек. Екі апта бойы алаңда болған дайындық енді жай киіммен емес, костьюммен жалғасады. Ерте көктемнің күні теріні тез күйдіріп жібереді. Арасында құбылып жауын жауа салады, кейде қара суық өңмеңнен өте жаздайды. Бірақ дайындық онымен санаспайды.
Сәуір. Қызылорда. Алаң. Ассамблеяның 15 жылдық мерейтойын тойлайтын шараға 2 сағат уақыт қалды, біз соңғы дайындықты пысықтауға сақадай сай тұрмыз. Кенет дүлей дауыл тұрды да, жауын жауа бастады. Бас хареограф шатырға жүгіруді нұсқады. Тобықтан түскен костьюмімнің кең етегін қолыма, үкілі тақиямды құшағыма қысып ап жүгірдім. Костьюмің бүлінбеуі керек, тақияңның үкісі сахнада жайқалып тұруы қажет. Өйткені өнер дауылға қарамайды. Сонда 32 қыз 1 гүл қауызының ашылып-жабылған сюжетін бердік. Теп-тегіс тұста тұтас табанды тіреп тұрып та тайғанаймыз. Ал, 30 адамның арасында өкшені көтеріп 1 сағат бойы билеу деген, ол – өнер.
...Бір шараға бардым. Белгілі әнші жылтырақ костьюмімен ән айтты. Аузы жыбырлады дегенім дұрыс шығар. Ән біткенде елдің бәрі шулап жатты. Рас, мен де қолшапалақтадым, бірақ микрофоны ғана терлеген фонограммадағы әншіге емес, артындағы бишілерге қолшапалақтадым. Себебі олар мен үшін терледі, олардың терін қошеметіммен сүрткім келеді.
Біз көбіне кімге қол соғу керектігін білмейміз. Алдағыға ма, жоқ, алдағының көлеңкесінен көрінбей тұрған арттағыға ма. Өнерді бағалау деген – кімге қол соғу керектігін, кімге қошемет көрсетіп тұрғаныңды білгеннен басталады. Қоғамдағы еңбекті бағалау деңгейіміз ше... Таңдайы тақылдаған тәп-тәтті балақайды көрсем, оның ата-анасына; жаңалық ашып тұрған оқушыны көрсем, ұстазына; тамаша туындыны тапсам, оның авторына, авторына да емес-ау – музасына; әлем алдында топ жарған дарабозды көрсем, оның қоғамына; білікті қолбасшыны көрсем, оның халқына жан дүниеммен қолшапалақтап тұратыным да содан. Иә, елеусіз. Бірақ қай қоғамды болсын алға сүйрейтін де сол елеусіздер ерліктер.

Айдана Шотбайқызы

Facebook-тегі парақшасынан

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста