Құдай беремін десе Нигериядан да береді екен ау...

Жақында мэйліме жаңа хабар келді. Нигерияда бір бай қазақ қайтыс болыпты. Туыстары ешкімі жоқ екен. Фамилиясы менікімен аттас. Нигериянын заңы бойынша ол ақша банкте тұрады екен. Сол жақтан бір заңгер хабарласты. Мен сияқты адамды біраз болыпты іздегеніне. Ақыры тауыпты. Заңгердің айтуы бойынша мен ол ақшаны ала алады екенмін. Сәл пәл заңдық тұрғыда документтерді тураласақ болды екен.
Көп ақша емес екен. 2000 доллармен тындыратын болды. Сосын 32 миллион доллар маған қалады. Құдай қаласа ақшаны алған күні барлық әлеуметтік желілерді өшіремін. Менен қарызға деп ақша да сұрамаңыздаршы өтініш. Сіңірлік сол кезде бітетін секілді. Шетелге көшіп кетуді пландап отырмын. Әзірге 2000 доллар ақша табуым керек. Соны тапсам көп ұзамай байып кетемін. Құдай беремін десе Нигериядан да береді екен ау.
Фейсбуктегі парақшасынан





