Құлдар ғана қожайынының тілінде сөйлейді...

Жақында бір шаруамен жасы өзімнен үлкен кісімен кездестім. Орысша сөйлейді екен.
«Мен де – қазақпын, сізде – қазақсыз. Арамызда ешкім жоқ. Неге орысша сөйлеуіміз керекпіз», – дедім аңтарылып.
«Орысша сөйлей берсек, несі бар екен? Оның несі айып?» дегендей, таңырқай қарады.
«Құлдар ғана өз тілінде сөйлемейді. Жалтақтап, үйреншікті әдеттерінше, Қожайынының тілінде сөйлейді. Ал мен құл емеспін», – деп төтесін айтым...
Намысы бар екен. Селт ете қалды. Қазақша сөйледі. Неге қазақша сөйлеуі керек екендігін енді түсінгендей болды. Кетерінде ақталып жатыр. «Жұмыс бабымен көбінесе шет елде, басқа ұлт өкілдерімен жүрдім. Енді қазақша сөйлеймін» деп кетті. Түріне қарап, мен сендім. Өзін кінәлі адамдай сезініп кетті.
Жалпы, бізде көп адам неге Ана тілінде сөйлеуі керек екендігін әлі де түсінбейтіндей...
Нұрғазы Сасаев
Фейсбуктегі парақшасынан





