Қыранның ұясына кездейсоқ түсіп қалған тауықтың балапандары

Қыранның ұясына кездейсоқ түсіп қалған тауықтың балапандары

Тіс дәрігерінде кезекте отырғам. Жеке стомотология, келушілерге жағдайды жасап-ақ қойыпты. Теледидар қосулы тұр екен. Бірінен-бірі жарысып ән айтып жатыр. Кезегім кеп дәрігерге кіріп кеттім. Күтіп отырған жарты сағатта қаншама әуен тыңдадым, неліктен біреуі болсын жүректі қозғамады екен деген сұрақ тұрып қалды. Сонда барып осыдан бес жыл бұрын жазған мысалым есіме түсті. Ол өмірімдегі бір таланттының тағдырына арнап жазылған еді. Оны атымен атамайтынмын, өйткені оның есімі – мен үшін өнер еді. Тұла бойы тұнып тұрған өнер. Мен үшін өмірдегі ең талантты адам да сол болатын. Бірнеше аспаптың құлағында ойнайтын. Өнер туралы, шынайы өнер туралы сырласым да сол еді. Оның қор болған күйін, ауызы тығындалған талантын, жүрекке салмақ салған тағдырын ешкімге тілемеймін. «Ұлыдан ұрпақ қалмайды» дегенді де соның тағдырынан түсіндім, бірақ бәрібір бір өкініш қалады екен кеудеде. Сол қыршын кеткен «Өнердің» өмірінен кейін қоғамға керек азамат көрсем, осының қаны қалса екен, артында іздеушісі болса екен деп, жақсы қыздарға «мақтап» жүру әдетке айналды.
Ертеде бір бүркіттің жұмыртқасы тауықтың ұясына түсіп қалыпты. Тауық-ана қайдан білсін, өзі бастырады. Уақыты жетіп, балапандар жұмыртқаны жарып шығады. Өз балапандармен бірдей аялап, мәпелеп өсіреді. Барлық балапандар бірге ойнайды, әтештен әкелік қорған, қамқорлық көрсе, тауықтан ананың мейірімін сезінеді. Асыр салған балғын балалық шақ зымарап өте шығады. Балапандар өседі, аяққа тұра бастайды. Күндердің күнінде бүркіттің балапаны өз бойындағы өзгешелікті байқайды. Ол қораға емес, далаға қарайды, шарбаққа емес, тауға көз тігеді. Тауықтың төл балапандары тауық пен әтештің әрекетіне еліктеп есейеді, қылығын қайталайды. Ал бала-бүркіт көкте қалықтаған құстарға қарайды. Сонысын сезген «балаң-бүркіт» бір күні «тауық-анаға»: «Мен анау аспандағы алыптардай ұшқым келеді, маған ұшуды үйретші, - дейді. Сонда тауық-ана оған: «Сен – тауықсың! Тауықтар ұша алмайды», - дейді. Міне, солай қыран көкті қиялдап қала береді.
Тіс дәрігерінен шығып бара жатып, теледидардағы «жылтырағандарға» тағы бір көз тастадым да, еске түскен мысалымды қайта жазу керек-ау деп ойладым. Себебі, саф әуенмен туып-өсіп-өлетін қазаққа музыканың не екенін көрсеткісі келетін кей кеудемсоқтарды көргенде, қыранның ұясына кездейсоқ түсіп қалған тауықтың балапандары-ау дерсің. Қауырсынын қағады кеп, құр қағады. Бір қалықтамайды-ау, қалықтамайды.

Айдана Шотбайқызы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста