Қыз баладан "неге тұрмыста емессің" деп сұрау ұятты

Хал -жағдай сұрасқаннан кейін маған міндетті түрде қойылатын сұрақтардың бірі "Тұрмысқа қашан шығасың?".
"Кәз", -деймін, -"Жотамды ұстап, айта қояйын... Мляя!!! Кешірш! Связь ұстамай тұр. Негізі ана жақтан хабар келіп тұратын. Бүгін күн бұлтты, содан шығар, айып етпеш"
Күніне міндетті түрде біреу сұрамаса, "жатқан жері жайлы" болмайтын сияқты. Бұл сұрақтың мәдениетсіз екендігін сол адамдар біледі ме екен? Ертең тұрмысқа шықсам не сұрайды? "Қашан бала көтересің?" демесе болды. Ал ұзақ көтермей жүрсем, "күйеуіңмен бірге қонасың ба?" деп тергейді ме екен?
Амандық сұрасқан жақсы. Бірақ қыз баладан "неге тұрмыста емессің" деп сұрау ұятты. Оның өзінде екі ғана вариант жауап бар (милары соған жетпесе)
1. Ешкім ұсыныс жасамады (ұсыныс жасады, бірақ ол маған ұнамайды. бәрі осының ішіне кіріп кетеді. Себебі біз қалаған адам ұсыныс айтқан жоқ)
2. Ұсыныс айтылды, тойға дайындық үстінде. (Бірақ біраз әңгімелессе, ондай жаңалықты қыз бала өзі де айтады)
Үшінші варианттар да бар: "Карьера жасаймын, пока жаспын ғой, жақсы жігіт жоқ, мен күйеуге шығуға асықпаймын, мен әлі оған дайын емепін және т.б." - от..н сылтаулар. Бәрі сол бірінші себепке келіп тіреледі. Конкретно ешкім "қатыным бол!" деп қолы мен өкпесін, сорри, қолы мен жүрегін ұсынған емес.Әйтпесе, етегін түре қуып алып, қуана-қуана тиіп алар еді (себебі кез-келген адам жалғыздықтан қорқады! Бәрі қорқады. Просто кейбіреулерінің айтуға духы жетпейді)
Ал мен... мен де шайтан емеспін. Көрге жалғыз кірсем де, өмірде біреумен қол ұстасып жүргенді қалаймын.
Мәдениетті сұрақтарыңыз бар ма?!)
Клара Ермағамбетова
Facebook-тегі парақшасынан





