Қыз-келіншектер "ии, сен күштісің" деп көрінгенді "идеализировать" ете бермеңдерші

Қыз-келіншектер "ии, сен күштісің" деп көрінгенді "идеализировать" ете бермеңдерші

#ӨМІРБИЗНЕСЕМЕС


Қазір қонаққа барсақ не бас қоса қалсақ, бұрынғыдай арқа-жарқа әңгіме айтып, емен-жарқын отыра алмайтын болыппыз. Жоқ, сен ортақ бір әдемі естеліктер айтуға, оқығаныңмен бөлісуге-ақ барасың, бірақ... өзінен-өзі кенет #марафон" деген әңгіме басталып кетеді ғой. "Мен үйімді #Конмари" әдісімен жинап шықтым, мәә, бір апта кеткен шығар, тура өлдім ғой шаршап" деп бастайды қыздардың бірі. Екіншісі іліп әкетіп "ия, мен де сол сананы трансформациялау туралы тікелей эфирден кейін кәдімгідей ойланып қалдым ше..." дейді."Ойланып жүре бермей, іске кірісіңдер, кедейлік психологиясынан арылу керек, қымбат киініп, жақсы жерлерге барып бастаңдар, сонда ғана сендерге байлық келеді" дейді төрдегі "наставник". Сонымен айтам деп барған ойың бір жақта, өзің бір жақта, әлгі үйірге қосыла алмай қайтасың да кетесің.
Айтайын дегенім адамдар өздерін қатып қалған қалыпқа, өмірлерін әлдебір рамкаға салудан жарысқа түсіп кетті ғой. Я сен "бүйт-сөйт" дейсің не саған "бүйт-сөйт" дейді. Ал, өйткің келмесе ше? Сенің өздігіңше, өз жүрегіңнің қалауыңмен өмір сүргің келсе ше? Әлде бай болу, миллиондап табыс табу шарт па? Бәріміздің бірдей кәсіпкер болуымыз міндет пе? Қазір марафон, тренинг дегендер адамдардың санасына "өзгер, өміріңді өзгерт" дегенді сіңіріп тастағаны соншалық, адамдардың өзіндік "мені" езіліп, өзгермегені үшін өзін кінәлі, жұрттан қалып қойғандай сезінетін болған. Ал бұл адамдардың өзінде барды, яғни, отбасы, бала-шаға, дос-жаран, ұжымы секілді құндылықтарын көрмеуге, місе тұтпауға әкеліп соғуда. Яғни, жаңа талап бойынша, құндылық деген тек - табысты болу ғана. Ал табыс деген - элитный үй, қымбат көлік, шетелге саяхат, т.с.с.... Қатып қалған қалып! Баяғыда Болат Атабаевпен сұхбаттасқанда айтқаны бар еді,
"Қалыпқа түсу деген сөзді айтпаңдаршы, қалыпқа түстің бітті, сен не #БӨЛКЕНАН не?
Кешіріп қойыңыздар, тренер ханымдар, өз бастарыңызға май жағып алыңыздаршы! Сіздер тек әдемі сөйлейсіздер, ал шын мәнінде өмірде шешілмеген проблемаларыңыз шаш-етектен. Біріңізде бай да, бала-шаға да жоқ, бірақ отырып алып бес баласы бар, түн ұйқысын төрт бөліп, балаларының бірін тосып, екіншісін емізіп, үшіншісін бақшаға сүйреп жүрген әйелдерге ақыл үйретесіңдер. Соларға ақыл үйретпес бұрын, оның бір түнін бастан өткеріп көріңдерші! Сосын, қыз-келіншектер, сіздер де "ии, сен күштісің" деп көрінгенді "идеализировать" ете бермеңдерші, сіз ол адамды танымайсыз, өмірде ол басқа адам шығар, сосын сол оқыған кітапты сіздер де оқыңыздар, артық білім - кітапта, интернетте емес! Интернет қазір тек әлдекімдердің табыс табу, бизнес құралы. Сол қармаққа өздеріңіз барып ілікпесеңіздерші! Алма демеймін, керегін алыңыздар, бірақ фильтр болу керек!
Сосын бар ғой, тренер ханымдар, барған жерлеріңізді тренинге айналдырып жібермей, үй иесін, қонақтарды, ортаны сыйласаңыздаршы. Өмір - бизнес емес!

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста