Қыздарды осылай қыспаққа алған дұрыс па?

Қыздарды осылай қыспаққа алған дұрыс па?

Өткенде бір отырыста жасы жиырма беске келген бір танысымыздың қызын бәрі отырғызып қойып, ал кеп тергесін. "Неге жігітің жоқ, қашан тұрмысқа шығасың" , "тойға қашан барамыз", "менің бір туысымның бәленше деген баласымен танысасың ба..", "осылай жүрсең қалып қаласың", "әке-шешеңді уайымдатпай кетсеңші тезірек..."
Ана қыз байғұс не дерін білмейді, ұялғанынан төмен қарап, күліп қойып отыр. Анасы болса "бұл ешкімді менсінбейді", "Елдің сорлы қыздары құрлы болмады", "бір таныстарың болса, таныстырыңдаршы осы қызды" деп одан арман қызын ұялтып барады. Ақыр аяғында әлгі қыз орнына тұрып, басқа бөлмеге барып, шықпай қойды. Кетер кезде жылағаннан көзі ісіп тұрғанын байқадым. Жүрегім сондай ауырып кетті... Себебі, осы тәріздес ситуация өз басымда соңғы кездері жиі орын алып жүр.
Менің де бүгінгі күні ең жек көретін сұрағым "қашан тұрмысқа шығасың..." Қашан шығатынымды білсем, тұп-тура маңдайыма жазып алып жүрер едім. Қайда бармайын осы сұрақ мезі етті. Қай-қайдағы көшеде мінген таксистке дейін "неге бойдақ жүрсіз" деп "нагло" сұрайды. Туған-туыс жайлы айтпай-ақ қояйын. Өтініш, дәл осы сұрақты қояр алдын ойланыңыздаршы... Қай қыз ақ көйлек киіп, сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүргісі келмейді?! Бұл проблема 20-25 арасындағы барлық қыздың басында бар екеніне сенімдімін. "Құдай бермегенді тартып ала алмайсың" демей ме?! Кімнің де болсын пешенесіне жазылған біреуі бар болар. "Сен сүйген адам сені сүймейді", "Сені сүйсе болды, сенің сүюің шарт емес", " Жаныңды бақса жетеді", "Есі бар жігіттің етегінен ұста", "түріне қарама", "жұмысына қарама", "жағдайына қарама"... бітпейтін кеңестер...
Құдай-оу, бір ақ рет берілетін өмірде неге қыздар ештеңеге қарамауы тиіс? Неге сүймеуі керек? Қазіргі үйлене салып, ажырасудың бәрі осындай "ақылдылардың" ақылын тыңдағаннан болар деп ойлаймын кейде... Небәрі жиырма үш жастағы маған күніне қырық ақыл айтатын адам табылады. Соларға қарасам, мен қартайып, срогы өтіп, ескіріп бара жатқан зат секілдімін. Менің сүюге, таңдауға, түріне, біліміне, жұмысына, ақыр аяғы жағдайына қарауға да қақым жоқ. "Ештеңге қарама, тие бер". Сондағы бар айыбым жасым 24-ке кетіп бара жатқаны. Екі жылдан соң 25-ке келсем болды, ешқашан тұрмыс құрмай қалатын сияқтымын. 25-ФОБИЯ. Туған -туыс, бүтін бір әулет сенің екі жылдан кейін 25-ке келетініңді есіңе сала береді. Сен қанша өзіңе сенімді, ұстамды, ар-ибаңды сақтаған қыз болсаң да, ана сөздерден кейін кәдімгідей ойланып, іштей быт-шыт болып қаласың... Қайда барсаң сол әуен. Ешкімді сенің индивид екенің, өз ойың, өз таңдауың, өз қалауың бар екені қызықтырмайды. "Аспаннан жерге түс", "мұрныңды шүйірме" дейді. Оларға қарасаң, сенің аяғыңның астында жігіт шашылып жатқандай, сен болсаң ешкімді ұнатпай, идеальный "Принцты" күтіп жүрген "Өзіншесің"... Жанашырлықпен ақыл айтып, кеңес беретіндерді түсінемін. Бірақ, бір уақыт сол қыздарды да түсініңіздерші. Бәлкім, оған өзі ойлаған адам жолықпаған болар... Қайта-қайта бір сұрақты айтып, жалғыз жүргенін бетіне басып, жүректерін ауыртпаңыздаршы. Жалпы, кімнен болсын "Қашан тұрмысқа шығасың, неге жігітің жоқ" деп сұраудың өзі ыңғайсыз емес пе?! Әркімнің өз шекарасы, өз әлемі болады ғой. Ол мәреден асып, оның себебі мен салдарын сұрап, тергеуге алу, екі сағат мораль оқу ол адамға да ұнай қоймайды.
Осындайда жиырма бірінші ғасырда туылғаныма қуанып қаламын. Баяғы заман болса, құдай біледі қанша жасымда ұзатып жіберер еді, оның өзі әдеби кітаптардан оқып жүрген Жұман таздай болып жүрсе, құрсын ойлағымда келмейді. Осындай ситуацияларда жалпы не істеу керек? Қыздарды осылай қыспаққа алған дұрыс па?

Айжан Қалиева
Facebook-тегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста