Қыздарға 7 кеңес...

Қыздарға 7 кеңес:
1. Жігітпен алғаш кездесуге өзіңізден сұлу құрбыңызды ешқашан, еш уақытта ертіп бармаңыз.
2. Жігітпен желательно қараңғыда кездесіңіз. Бұл сізге мына дағдарыста косметикаңызды үнемдеуге көмектеседі.
3. Егер жаздың күні жағажайда керемет ути-пути, секси-мекси көрінгіңіз келсе, құрбыңызды қазірден бастап семірте бастаңыз.
4. Қыздар, естеріңізде болсын. Егер жігітіңіз шын сүйсе, сізді өзгенің ренжітуіне жол бермейді. Өйткені, өзі-ақ жиі ренжітіп тұрады.
5. Қыздар, еш уақытта жігітке машинасына қарап тұрмысқа шықпаңыздар. Себебі, балаларыңыз машинасына емес, оның өзіне ұқсайтын болады.
6. Қыздар, ақ боз атты ханзаданы күтпеңіздер. Себебі, ханзада деген - ханның баласы. Ал, қазақтың соңғы ханы Кенесары баяғыда келмеске кеткен. Сондықтан сіздің шансыңыз нөлге тең.
7. Жігітпен бетпе-бет кездескенде, бойым - 170, салмағым - 55, параметрім 90-60-90 деп еш уақытта мақтанып айтпаңыз. Ояныңыз, сіз фыбыда емес, қайталап айтамын, жігітпен бетпе-бет кездесіп отырсыз.
Ержан Тәліп
Facebook-тегі парақшасынан





